Осы санды цифрмен жаз. Оның разрядтық құрамын анықта және разрядтық қосылғыштардың қосындысына жікте.
Бұл санды жазу үшін сен неше цифр қолдандың? (1 және 7 цифрлары.)
Қай цифр санның ондықтарының санын білдіреді?
Қай цифр санның бірліктерінің санын білдіреді?
Кез келген екі таңбалы санның ондықтар мен бірліктерден тұратынын және оны разрядтық қосылғыштарға жіктеуге болатыны, яғни ондықтар мен бірліктердің қосындысы түрінде өрнектеуге болатыны пысықталады. 17 саны
1 ондықтан, 7 бірліктен тұрады. Мұнда 10 және 7 сандары – 17 санының разрядтық қосылғыштары. Қосындының бірінші қосылғышы (10 саны) қосынды мәнінің
(17 саны) ондықтары санына тең. Ал екінші қосылғышы ( 7 саны) қосынды мәнінің
(17 саны) бірліктері санына тең.
Оқушылар жаңа ақпарат бойынша мәлімет алады. Жаңа ақпаратты өзінде бұрыннан бар біліммен байланыстырады.
Қандай тұжырым ұсынасың? Түсіндір.
– Оқулықта берілген тұжырыммен танысайық және толықтырайық.
Екі таңбалы санның әрбір цифры сәйкесіншебірінші және екінші разрядтың бірліктеріболыптабылады. Екі таңбалы санды разрядтық қосылғыштар-дың, яғни разрядтық сандардың (ондықтармен бірліктердің) қосындысы түрінде жазуғаболады. 3-тапсырмада санның разрядтық құрамын
зерделеуге назар аударылады. Санның ондықтары мен бірліктерін анықтайды. Әр санның ондықтары мен бірліктерін атай отырып, бос торкөзді толтырады.