Сабақтың тақырыбы: Екінші дүниежүзілік соғыстың себептері мен салдары және екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы


Тарихта бұл келісім қалай аталады?



бет2/2
Дата10.04.2023
өлшемі23,29 Kb.
#81288
түріСабақ
1   2
Байланысты:
1-сабақ Д.тарих

Тарихта бұл келісім қалай аталады?
Осы Молотов-Риббентроп келісімі бойынша екі мемлекет жасырын түрде Шығыс Еуропадағы өздерінің ықпал ету аймақтарын бөлісіп алады. Бұл келісім Молотов КСРО-ның, Риббентроп Германияның атынан келісімге қол қойған, олар осы екі елдің сыртқы істер министрлері. Келісім бойынша Финляндия, Латвия, Литва, Эстония, Бессарабия және Польшаның шығыс бөлігі Кеңес Одағына қараса, ал қалған бөліктер түгелімен Германияға тиесілі болды.
КСРО-мен келісімге келгеннен кейін 1 қыркүйекте Германия Польшаға шабуыл жасады, ал 3 қыркүйекте Ұлыбритания мен Франция Германияға қарсы соғыс жариялайды. Соғыстың басталуы 1939 жылы 1 қыркүйекте Германияның Польшаға шабуылынан басталады. Өйткені, Польшаның Франциямен және Англиямен өзара көмектесу туралы келісім жасағанын білген Германия Польшаны жылдам талқандауға кіреседі. Қауырт соғыс жүргізу мақсатында ол Польшаға қарсы барлық әскерінің үштен екі бөлігін топтастырады.
1939 жылы 3 қыркүйекте Англия мен Франция Польшамен одақтастық міндеттерін орындау мақсатында Германияға қарсы соғыс жариялайды. Және 1939 жылы 19 қыркүйекте Скандинавия елдері басталған соғыста бейтараптылық саясат ұстайтындарын мәлімдейді. Бұлар қандай елдер еді? Дания, Норвегия, Швеция тағы қандай мемлекеттер бейтараптылық ұстанды? Швейцария, Ирландия,
16 қыркүйекте олар Варшаваны қоршап алады. Ал 17 қыркүйекте шығыстан Польша жеріне Кеңес Одағының әскерлері енгізілді. Яғни, Молотов-Рибентроп пактінің құпия протоколында айтылған шекарасына келеді. Осы күні Германия Кеңес Одағы мен өзінің жаулап алған аумағының арасындағы жаңа шекараларды бекітеді. КСРО көбінесе белорус, украиндіктер мен еврейлерден тұратын Батыс Украина мен Батыс Белоруссияны басып алады.
Одан кейін Кеңес Одағы мен Финляндия арасындағы соғыс басталады. 1939 жылғы 23 тамызда кеңес-герман келісім бойынша, Финляндия және Прибалтика Кеңес Одағының ықпалды аймағы болуға тиісті еді. Прибалтика елдері дегеніміз қандай елдер? Латвия, Литва, Эстония
1939 жылы қазанда КСРО Финляндияға шығанағындағы бірнеше аралды және Ханко аралын жалға беру туралы талап қояды. Ханко аралында кеңес әскери –теңіз базасын салуды жоспарлайды. Финляндия негізгі талаптарға келіседі, бірақ Ханко аралын беруден бас тартады, бұл Финлядияның қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін еді. Осы талапты күшпен орындатқызу мақсатымен 1939 жылы 30 қарашада Кеңес Одағы ресми түрде соғыс жарияламай-ақ, Финляндияға шабуыл жасайды. Бұл 1920 жылғы кеңес-фин бейбіт келісімшартын және 1932 жылғы бір –біріне шабуыл жасамау туралы кеңес-фин келісімшартын және Гаага конвенциясын бұзу еді. Сонымен қатар бұл 1939 жылы жарияланған Финляндияға бейтараптылығын бұзу еді. Сондықтан бұл соғысты ірі мемлекеттің ұсақ мемлекетке күш көрсетуі деп есептеп, Ұлттар Лигасы Кеңес Одағына басқыншы деген айып тағып, оны 14 желтоқсанда Лига қатарынан шығарып тастайды. Соғыс 1939 жылдың 30 қарашасынан 1940 жылдың 12 наурызына дейін созылады. Финляндиямен үш айға созылған соғыс кеңес армиясының әлсіз екенін көрсетті және КСРО-ның беделіне үлкен нұқсан келтірді.
Германияның келесі басқыншылық әрекеті күтпеген жағдайда болды. 1940 жылдың сәуірінде неміс әскерлері ескертусіз Данияға басып кіріп, оның аумағын жаулап алады. Сол уақытта герман әскерлер өздерінің әскери кемелерімен Норвегияның ірі порттарына түсіп, оларды да еш кедергісіз жаулап алады.
Германияның Норвегия мен Данияға басып кіруінен кейін «Оғаш соғыс» аяқталады. Осыдан кейін Гитлер Батыс Еуропаны жаулап алуды жоспарлады. Ұлыбритания мен Франция үкіметтері Германияға соғыс жариялағандарымен, 9 ай бойы ешқандай ұрыс қимылдарын жүргізбеді. Осыны пайдалаған Германия Ұлыбритания теңіз флотына соққы береді де, Батыс Еуропаны жаулап алуға кіріседі. 1940 жылы 10 мамырда Бельгия, Нидерланд, Люксембургке, әрі қарай Францияға басып кіреді.
Петен бастаған француз үкіметі қарсыласудан бас тартып, 22 маусым күні беріледі. Бірақ Шарль де Голль бастаған француз патриоттары Ұлыбританияға кетіп, күресті жалғастырады. Маусым айында Италия үкіметі де Франция мен Ұлыбританияға соғыс жариялайды. Германия тек Ұлыбритания қалаларын бомбалау тәсілін ғана қолданады.
Бірақ Гитлер Ұлыбританияға басып кіруден бас тартып, Кеңес Одағымен соғысқа мұқият дайындала бастайды. Жапониямен, Италиямен достық одан әрі нығайтылады. 1940 жылы 27 қыркүйекте Үштік пактке қол қояды. Осыдан кейін басқа да Еуропа мемлекеттеріне шабуылдай бастайды.
Осылайша АҚШ үкіметі бейтараптық саясатынан бас тартып, Ұлыбритания мен басқа да Еуропадағы соғысушы елдерге несие немесе азық-түлік, шикізат және қару-жарақ материалдарын беру туралы заң қабылдайды. Ол заң Ленд-лиз деп аталды. 1941 жылы 11 наурызда қабылданды.
Сомен 1941 жылдың 22 маусымында Германия КСРО ның аумағына басып кіреді. Осылайша әлемдегі барлық әскери күштердің фашизмге қарсы бірігуімен сипатталатын жаңа кезең басталады. АҚШ пен Англия үкіметтері кеңес әскеріне әскери экономикалық көмек көрсетуге келісім береді. Ф.Рузвельттің Ленд-Лиз туралы заңның күшін КСРО-ға таратты.
Осылайша Кеңес Одағы, АҚШ пен Ұлыбритания ынтамақтастығына негізделген антигитлерлік, антифашистік коалиция құрыла бастады. Фашистік басқыншылықтың құрбандарына айналған басқа да көптеген мемлекеттер қосылды.
Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстың айырмашылығы мен ұқсастығын анықта?
Антикоминтерндік пакт - "Коммунистік және интернационализмге қарсы неміс-жапон келісімі" негізгі мақсаты Коминтернге қарсы күресте ынтымақтастық орнату болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет