Сабақтың тақырыбы: Экожүйелер №2-сабақ. Бөлім: 4а экология және тұрақты даму



бет4/5
Дата05.04.2022
өлшемі1,01 Mb.
#29983
түріСабақ
1   2   3   4   5

Дескриптор: Жалпы – 5 балл.

-тапсырманы сипаттайды

--сызба сызады

-Венн диаграммасын толтырады




6-сынып оқулығы, жұмыс дәптері

«Түртіп алу» әдісі.




2-Тапсырма

Оқулықта берілген жобаны орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.



«Тұйық экожүйені өз қолыңмен жаса» жобасы



Саған қажет (сурет):

1. Қақпағы жабылатын әйнек немесе пластик ыдыс.

2. Өсімдіктер. Барынша лайықты түрлері – мүк, традесканция, хлорофитум мен қырыққұлақтың кішігірім өскіні.

3. Үй өсімдіктеріне арналған әмбебап топырақты алуға болады

4. Дренаж – керамзит, ұсақ қиыршық тас

немесе керамика кесектері, жалпы, шіруге бейім емес және суды өзіне сіңіріп алмайтын кез келген материал.



Жұмыс барысы:

1. Ең алдымен ыдысқа дренаж сал. Оның мөлшері ыдыстың көлеміне және өсімдіктің

түріне байланысты: ыдыс кішірек және өсімдік ылғалсүйгіш болған сайын,

дренажды да азырақ салу қажет. Көлемі 0,5 л болатын ыдыс пен мүк тәрізді өсімдік үшін қалыңдығы 1,5–2 см болатын дренаж

жеткілікті. Топырақ дренажбен араласып кетпес үшін, оның үстіне аздаған мөлшерде құм себуге болады. Егер мойны жіңішке шыны сауыт пайдалансаң, онда дренажды ыдыстың түбін зақымдап алмайтындай, қасық тәрізді құралдың көмегімен абайлап салу қажет.

2. Одан кейін топырақ сеп. Топырақтың қалыңдығы өсімдіктің түріне байланысты болады. Мысалы, мүк көп топырақты қажет етпейді. Тамыр жүйесі жақсы дамыған өсімдіктерге олардың көлеміне байланысты топырақтың қалың болғаны қажет.

3. Енді өсімдікті отырғыз. Мүкті топыраққа қойып, ақырындап жаншыңқырап бас. Ал басқа өсімдіктер үшін топырақта ойық жасап, оған тамырын орналастыр да, топырақпен

түбін жап. Топырақты аздап қана үстінен тығыздауға болады. Мойны жіңішке ыдысқа отырғызу үшін ұзын қысқыш немесе

екі таяқша және ептілік қажет.

4. Одан кейін су құй. Судың мөлшерін тек тәжірибелік жолмен анықтауға болады, бұл – ең қиын сәт. Мұндай экожүйе ұзағырақ қуаныш сыйлағанын қаласаң, судың мөлшері

өсімдіктің тіршілігі үшін жеткілікті болуы қажет. Бірақ батпаққа айналып кетпес үшін, артық құймаған дұрыс. Бірінші күні су құйғаннан кейін ыдысты бір тәулік бойы жаппа. Содан кейін тығыздап жауып, 12 сағат қой. Сосын іштегі өсімдіктің жағдайына қара. Мысалы, мүк үшін: егер ыдыстың ішкі жағы қатты суланып тұрса, онда қақпағын ашып, судың булануына мүмкіндік туғыз. Егер ыдыстың қабырғасы суланбаған болса, аздап су құю керек. Сумен тәжірибе кезінде өсімдіктің жерсінгенін немесе үйренісе алмағанын аңғарасың.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет