Сабақтың тақырыбы: Экожүйенің ауысуы Бөлім: 4а экология және тұрақты даму



бет1/3
Дата15.11.2022
өлшемі302,23 Kb.
#50169
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
04.04.22ж


Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Экожүйенің ауысуы

Бөлім:

6.4А Экология және тұрақты даму

Педагогтің аты-жөні:

Шайнова Д.К.

Күні:

07.04.22ж

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Экожүйелер

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

6.6.1.2 экожүйе ауысымдарының себептерін түсіндіру

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:
Білім алушылар экожүйенің ауысу себебін түсіндіруді үйренеді.

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:
(Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.
Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.
Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

Жаңа сабаққа кіріспе




(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1. Экожүйенің ауысуына қандай түрткіжайттар әсер етеді?

2. Биоценоздан қандай да бір түр жойылған кезде қалғандары оның орнын басады, санын көбейтеді және оның рөлін атқарады. Онда не


үшін бірлестіктердің алуан түрлілігін сақтау жөнінде уайымдаймыз?

Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады



Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет