Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
№1-тапсырма
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді.
Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.
|
Суретке өте мұқият қарайды. «Уақыт кинотаспасы» шағын жобасын жасайды, онда бір экожүйенің екіншісіне ауысуының негізгі кезеңдерін көрсетеді.
Дескриптор: Жалпы - 3 балл.
- анықтама береді;
-тапсырма кезеңдерін түсіндіреді
|
6-сынып оқулығы
|
|
№2-тапсырма
Оқулықта берілген тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
Жұбыңмен бірге «Салыстыру сызығы» кестесін құрады. Онда экожүйе ауысуының биотикалық түрткіжайты мен антропогендік түрткіжайты арасындағы салыстыру ақпаратын енгізеді. Салыстыру жолағын өздері ойлап табады.
1. Экожүйенің жылдам ауысуына мысал келтіреді.
2. Экожүйе дамуының соңғы кезеңі неге тәуелді?
|
Дескриптор: Жалпы - 4 балл.
-Тапсырманы орындайды.
|
6-сынып оқулығы
Жұмыс дәптерлері
|
|
3-тапсырма.
Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
1. «Тұйықталған экожүйені өз қолыңмен жаса» жобасымен жұмысты жалғастырады. Экожүйеңде болған өзгерістерді фотоға немесе бейнежазбаға түсіреді
2. А4 пішінді қағазға танымбелгі (эмблема) жасайды. Онда А.П. Чеховтың: «Егер әрбір адам өз жерінің кішкентай бір бөлігіне өзінің қолынан келген жақсылығын жасаса, біздің жеріміз қандай тамаша болар еді» деген
сөзінің мағынасын суреттейді.
|
|