Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
2 6 мин.
|
1-тапсырма.
Оқулықта берілген модельдеу тапсырмаларын орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
1. Ғаламдық жылыну салдарын анықтайды.
2. Табиғи катаклизмдер дегенді қалай түсіндірер едіңдер?
3. Неліктен қоршаған ортаға ғаламдық жылынудың әсері үлкен және ұзақ әсер етеді? Әңгімелейді.
|
Дескриптор: Жалпы – 4 балл.
|
Оқулық,
жұмыс дәптері
ДК
|
|
2-тапсырма.
Оқулықта берілген қолдану айдарындағы тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
Ғаламдық жылынудың салдарын анықтай отырып, ғаламдық жылынудың алдын алу және оған бейімделу жолдарын көрсетеді.
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл.
- Тапсырманы анықтай отырып тұжырымдайды.
|
Оқулық,
жұмыс дәптері
ДК
|
|
3-тапсырма.
Оқулықта берілген талдау айдарындағы тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
Жылыну толқындары мен басқа да квазистационарлық ауа райы жағдайларына әсер етуші салдарларды талдайды.
|
|