Сабақтың тақырыбы: Экскурсия даярлау және өткізу әдістемесі Модуль /пән атауы: Дүниетануды оқыту әдістемесін қолдану



бет2/2
Дата27.11.2023
өлшемі30,61 Kb.
#129025
түріСабақ
1   2
Байланысты:
Экскурсия даярлау және өткізу әдістемесі

Экскурсия маршрутын таңдау. Экскурсия объектілеріне туристердің қызығушылығын арттыру үшін экскурсия тақырыбының ерекше белгілерін жарықтандыру қажет. Тарихи оқиғамен немесе дәуірмен тығыз байланысын обьектінің танымдық құндылығы қолданылады, әйгілі ғылым және мәдениет қайраткерлерінің шығармашылығы және өмірімен, оларды туристердің эстетикалық тәрбиелеу мақсатында қолдану мүмкіндігі. Объектінің орналасуы да маңызды: объектіге дейінгі қашықтық, подъезд ыңғайлылығы, автокөлік үшін жолдардың жарамдылығы, туристерді тасымалдау, табиғи немесе индустриалды ландшафт. Экскурсия кезінде тәулік уақытына, мезгіліне, ауа райына, басқа да күтпеген жағдайларға байланысты объектіге бару және көру мүмкін емес болғанда объектімен танысудың уақыт шектеулілігі туындайды. Экскурсияны көп мөлшердегі объектілерге барумен шамадан тыс асыруға болмайды. Бұл оның ұзақтығын көбейтіп, туристердің шаршағандығын тудырады. Әдетте, қалалық экскурсияның ұзақтығы 2 сағат, бұл жағдайда экскурсанттар 15 объектіні ғана қызығушылықпен қарайды. Объектілердің жиынтығы экскурсия тақырыбына, оның мазмұнына және де экскурсиялық топтың құрамына байланысты жасалады. Шолу экскурсиясы тек қана мүсін ескерткіштері және монументтерді көрсетілуінде құрастырылуы дұрыс емес болып саналады. Экскурсия объектілерін көрсетілуін біркелкіліктен тыс болу керек. Егер маршрутқа ғимарат және көше, алаң, тарихи орындар, табиғат объектілері басқа да назар аударарлық орындарының көрсетілуі болмаса экскурсанттардың әсері толық емес болады.
Объектінің паспортына енгізіледі: Объектінің атауын (бастапқы және қазіргі) Тарихи оқиғаға байланысты, оқиға датасы Орналасуы, пошталық адрес, олардың қандай территорияда орналасқаны (қала, село) Сипаттама (оған әкелетін жол, автор, құрылыс датасы, қандай материалдардан жасалған, мемориалдық жазбалардың мәтіні.
Мағлұматтардың қайнар көзі (әдебиет қай жерде белгіленген және оған байланысты оқиғалар, мұрағаттық мәліметтер, негізгі баспа жұмыстары және жарияланбаған жұмыстардың сақталу территориясы) Сақталуы (оның орналасқан жердегі территория жағдайы, ең соңғы жөндеудің мерзімі, реставрация) сонымен қатар, күзет (кімге міндеттелген) Қандай экскурсияларда қолданылады; Төлқұжаттың жасалған уақыты, жасаған адамның тегі және лауазымы. Төлқұжатқа объектінің қазіргі және бұрынғы түрі, фотосуреті, қосылады. Мысалы, архитектуралық (ғимарат) ескерткіштерінің төлқұжатына оның ішіндегі мүсіндер барлығы, қыш тақташалар, декоративті әсемдіктер (сыртқы және ішкі), ғимараттың конструкциясы және түрі жайындағы ақпарат, оның техникалық күйі (сақталу дәрежесі) кіреді. Ел аймақтарында экскурсиялық объектілерге паспорттың болуы, жаңа сапалы тақырыптарды әзірлеуге, тарихи ескерткіштерді, Қазақстан Республикасының азаматтарын адамгершілікке тәрбиелеуді кең қолдануға мүмкіндік береді.
IV. Сабақты бекіту
«Ыстық орындық» әдісі арқылы сабақты бекіту
V. Бағалау
Сабақ барысында көп балл жинағандарына қарай тиісті бағаларын алады.
VІ. Үйге тапсырма
«Экскурсия даярлау және өткізу әдістемесі» тақырыбына тесттер құрастыру.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет