Экскурсияның үшінші кезеңі – қорытынды. Ол балалар алған білімдерін тереңдетуге, жүйелендіруге және жинақтауға, олардың мүдделерін нығайтуға және одан әрі дамытуға, туған табиғатпен қарым –қатынастан алған әсерлерді игеру және өңдеу процесінде шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға бағытталған экскурсиялық тәрбиелеу – білім беру жұмысын қамтиды. Осылайша, табиғатқа экскурсиялар тиімді тәрбиелеу және оқыту құралы болып табылады, өйткені олардың процесінде оқушы тұлғасының барлық жақтарын үйлесімді дамыту жүзеге асырылады. Туған табиғатпен қарым – қатынаста қоршаған ортаны материалистік түсінудің негіздері қалыптасады, адамгершілік және эстетикалық қасиеттерге тәрбиеленеді, мейірімді сезімдер оянады. Балалардың туған табиғатқа деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігіне тәрбиелеу – өз Отанының байлығының сенімді досын, болашақ қамқор қожайынын өсіру болып табылады.
IV. Сабақты бекіту «Ыстық орындық» әдісі арқылы сабақты бекіту
V. Бағалау Сабақ барысында көп балл жинағандарына қарай тиісті бағаларын алады.
VІ. Үйге тапсырма «Экскурсия түрлері және кезеңдері» тақырыбын мазмұндау.