Сабақтың тақырыбы: Электр қондырғыларында жұмыс істеу үшін жүктелім-рұқсат толтыру Модуль/пән атауы км 10



Дата30.01.2023
өлшемі48,69 Kb.
#63652
түріСабақ

Жоғары аграрлық-техникалық колледжі
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған педагогінің сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Электр қондырғыларында жұмыс істеу үшін жүктелім-рұқсат толтыру
Модуль/пән атауы КМ 10 Еңбекті қорғау
Дайындаған педагог Ескендирова Асель Ерлановна
2022 жылғы «4» желтоқсан
1.Жалпы мәліметтер
ҚТ-341.1топ, ІV курс
Сабақ типі практикалық сабақ
2. Оқыту мақсаты: Еңбекті қорғау негіздерін меңгеру
Сабақ мақсаты: Электр қондырғыларында жұмыс істеу үшін жүктелім-рұқсат толтыру (наряд-допуск) дағдыларын пысықтау
Бағалау өлшемдері:

2.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі
3. Сабақты жабдықтау
3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер
3.2 Техникалық құралдар, материалдар ноутбук, телефон, электр қондырғыларында жұмыс істеуге арналған жүктелім-рұқсат бланкілері, жүктелім-рұқсат толтыру тəртібі.
4. Сабақтың барысы
Сабақтың басы
І.Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен амандасу.
2. Түгендеу.
3. Оқушыларды сабақ мақсатына жетелеу үшін сұрақтар қойылады.
ІІІ. Жаңа сабақ
Қызығушылығын арттыру


Сен білесің бе?


  • Жүктелім-рұқсат дегеніміз не?

  • Жүктелім-рұқсат беру жүйесі дегеніміз не?

Балалар, өздеріңіз сұрақтар бойынша түсінген шығарсыз, бүгін бізде «Электр қондырғыларында жұмыс істеу үшін жүктелім-рұқсат толтыру» деген практиқалық сабақ. Сабағымызда біз электр тоғынан зақымдануынан қорғау құралдарын таңдау мен алғашқы көмек көрсетуді үйренеміз.
Жүктелім - рұқсат (наряд-допуск) - жұмысты қауіпсіз жүргізу жөніндегі, оның мазмұнын, орнын, басталу жəне аяқталу уақытын, қажетті қауіпсіздік шараларын, бригада құрамын жəне жұмысты қауіпсіз орындауға жауапты адамдарды айқындайтын арнайы бланкіде құрылған өкім.
Жүктелім - рұқсат беру жүйесі - электр қондырғыларында қауіпсіз жұмыс жүргізуді қамтамасыз ететін іс-шаралар кешені. Ұйымдастырушылық жəне техникалық іс-шаралардан тұрады. Техникалық іс-шаралар жұмыс орнын дайындау кезінде орындалады. Сонымен, жүктелім-рұқсат - бұл нені, кім жəне қай уақытта істеу қажеттігі, сондай-ақ алдын ала орындалуға тиісті қауіпсіздік шаралары сипатталып жазылған құжат. Яғни, бригада құрамын, жұмыс жетекшісін, қандай плакаттарды ілуді, қоршауларды қайда қоюды жазады. Ол жұмыстарды орындау кезінде қауіпсіздік пен айқындылықты арттыру, қателердің ықтималдығын, штаттан тыс жағдайларды төмендету үшін қажет. Ол екі данада толтырылады. Жүктелім-рұқсаттар бойынша жұмыстарды орындау кезінде қауіпсіздік үшін жауаптылар: Жүктелім-рұқсат беретін тұлға. Жұмыстардың жауапты басшысы. Жауапты жұмыс жүргізуші (бақылаушы).Жұмысқа жіберушілер. Жүктелім-рұқсат бойынша жұмысты орындайтын бригада мүшелері.

  1. Сабақтың басы Миға шабуыл әдісі «Mind meister» программасы арқылы оқушылардың ойлау қабілетін арттыру

Балалар, қалай ойлайсыздар жүктелім рұқсат толтыру тәртібін қалай жүргізеді , өз ойларынызды «Padlet» қосымшасы арқылы жазамыз.

  1. Практикалық тапсырма

1. Жұмыстың теориялық бөлігін оқыңыз.
2. Электр қондырғыларында жұмыс істеу үшін жүктелім-рұқсатты толтырып, жүктелім-рұқсаттардың берілуін есепке алу журналына тіркеңіз.
Дескриптор:

  • Жұмыстың теориялық бөлігімен танысты

  • Жүктелім-рұқсаттардың берілуін есепке алу журналын толтырды

ҚБ. «Бір сөйлеммен түйіндеу»
IV. Сабақтың соңы
1.Бақылау сұрақтары
1. Электрмен жабдықтау құрылғыларын пайдалану кезінде персоналдың
қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі?
2. Персоналды жұмысқа қабылдау кезінде жұмысқа жіберу тəртібі қандай?
51
3. Жүктелім-рұқсатсыз қандай жұмыстарды орындауға болады ?
5. Жүктелім-рұқсат беру тəртібі қандай?
6. Тыйым салатын жəне ескерту плакаттарын атаңыз.
7. Бригада құрамын атаңыз.
8. Жұмысқа рұқсат беру қалай рəсімделеді?
9. Басқа жұмыс орнына ауысудың жəне жұмыс аяқталғаннан кейінге көшуді
ресімдеу ерекшеліктері қандай?
10. Жүктелім-рұқсат рəсімдеуге қандай талаптар қойылады?
2. Рефлексия
https://padlet.com/asselka3299/g5v461eb8jumpkc3

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет