U= A/q
A=Uq q=A/U
1B=1Дж/1Кл 1Дж=1В*1Кл 1Кл=1Дж/1В
. Өткізгіш ұштарындағы кернеуді өлшеуге арналған аспапты вольтметр деп атайды. V- сұлбадағы белгісі , тізбекке вольтметр параллель жалғанады. Ток көзін алу үшін зарядтарды бөлуге электрлік емес күштерді қолданады. Ондай күштерді бөгде күштер деп атайды. Кулон күштеріне қарсы жасаған жұмыс процессі, соның нәтижесінде әр аттас заряды бар нүктелердің арасында потенциялдар айырымы жасалады, яғни электр өрісі пайда болады. Бөгде күштер әрекетін сипаттау үшін электр қозғаушы күш ұғымы енгізіледі. Е-әрпімен белгіленеді. Бөгде күштің жұмысы А-әрпімен белгіленеді.
Халықаралық бірліктер жүйесінде ток күші вольтпен (В) өрнектеледі.
1 вольт – Өткізгіш бойымен 1 Кл заряд орын ауыстырғанда, 1 Дж-ге тең жұмыс шамасына тең кернеу.
Өткізгіштің қандай да бір екі нүктесінің арасындағы кернеуді өлшеу керек болса, вольтметрді сол нүктелерге жалғайды. Құралды осылайша жалғауды параллель жалғау деп атайды. Бұл кезде “+” қысқышын ток кзінің оң полюсінен, ал “-” қысқышын ток көзінің теріс полюсінен келетін өткізгіш сыммен жалғайды.
Токтың жұмысы (А) – токты тудыратын электр өрісінің жұмысы
Электр кернеуі – токтың атқарған жұмысын анықтайтын физикалық шама
1 вольт – кернеудің өлшем бірлігі
Есептер Ток көзі ішінде 10Кл зарядты бір полюсінен екінші полюсіне тасымалдау үшін бөгде күштер 30Дж жұмыс атқарады. Тоқ көзінің ЭҚК-і неге тең?
Екі нүктенің потенциал айырмасы ∆φ = 25 В. Осы нүктелер арасында q = 10 Кл зарядтың орын ауыстыру жұмысынеге тең?(250Дж)
Нүктелер арасындағы потенциалдар айырмасы ∆φ = 100 В, А =400 Дж энергия жұмсағанда, осы нүктелер арасында орын ауыстыратын заряд неге тең? (4Кл)
Ток көзінің ЭҚК-і 250Дж-ға тең, заряды 20нКл зарядты бөлгенде бөгде күштердің жасаған жұмысы неге тең?
Потенциалы 20 В нүктеден потенциалы 0 В нүктеге 2 Кл заряд орын ауыстырғандағы электр өріс күштерінің жұмысы неге тең? (40Дж)
Рефлексия
«БҮҮ.» Оқушылар стикерге бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазады.