Сабақтың тақырыбы: Электр сыйымдылық. Конденсаторлардың құрылысы және түрлері, электр өрісінің энергиясы



бет3/5
Дата17.01.2022
өлшемі146,89 Kb.
#24052
түріСабақ
1   2   3   4   5
Конденсатордың   электрсыйымдылығы   деп      зарядтың  конденсатор  пластиналары арасындағы потенциалдар айырымына қатынасымен өлшенетін физикалық шаманы айтады.

 Мұндағы С - конденсатордың электрсыйымдылығы , ол конденсатордың электр зарядтарын, яғни электр өрісін жинау және сақтау қасиетін сипаттайды,

q— өткізгіштің біреуіндегі зарядтың абсолют шамасы

U— потенциалдар айырымы.

SI  жүйесінде   электрсыйымдылығының   бірлігіне   1   фарад

1Фарад—1Кл заряд бергенде, потенциалдар айырымы 1 В-қа өзгеретін өткізгіштің электрсыйымдылыгы.

Бұл бірлік өте үлкен: мысалы, Жер сияқты аса үлкен өткізгіштің сыйымдылығы не бары 7·10 -4Ф, сондықтан тәжірибелік мақсатта үлестік бірліктер қолданылады:

1 мкФ = 10 -6 Ф;   1 нФ = 10 -9 Ф;    1 пФ = 10 -12 Ф.

Мысалы,параллель орналасқан және диэлектрик қабатымен бөлінген екі жазық металл пластина жазық конденсатор кұрайды. Сонымен қатар конденсаторларды жапсарларының пішініне қарай жазық, цилиндр тәріздес, шар тәріздес және т.б деп бөледі.

Жазық конденсатордың сыйымдылығы пластиналардың ауданы мен пластиналарды бөлетін диэлектриктің салыстырмалы диэлектрлікөтімділігіне тура пропорционал және пластиналардың арақашықтығына кері пропорционал. 

S–бірдей екі пластинаның біреуінің ауданы

d—пластиналардың арақашықтығы;

ε0 — электр тұрақтысы;ε—конденсатор пластиналарының арасындағы кеңістіктегі заттың диэлектрлік өтімділігі;

әр зат үшін ε мәндері тәжірибемен анықталып, кестеде беріледі.

II. Конденсаторларды техникалық құрылғыларда электр зарядтарын жинақтау үшін кеңінен қолданады.

Конденсатордың электр зарядтарын жинақтау және сақтау қасиетін, мысалы, электронды фото-жарқылын алуда қолданады. Бұл аспапта конденсатор гальвани элементтерінің батареяларынан ұзақ уақыт зарядталады да, арнайы лампа арқылы  тез разрядталады.

Қағаз конденсаторда  астарлар ретінде станиоль жолақтары, ал изолятор ретінде парафинге малынған қағаз таспалар қызмет етеді. Электр конденсаторларда  бірінші астар ретіндегі фольга жолағы, екінші астар қызметіндегі электролит ерітіндісіне орналастырылады. Диэлектриктің рөлін оксидпен қапталған фольга атқарады. Кейде конденсатор сыйымдылығын ауыстыруға тура келеді, ол үшін ауыспалы сыйымдылықты конденсаторлар пайдаланылады .

Конденсаторды схемада мына түрде белгілейміз: 

Халықаралық стандарт бойынша конденсаторларды жұмыс істеу принциптеріне байланысты тізбекте шартты түрде былай белгілейміз:


 ГОСТ 2.728-74



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет