Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Өткiзгiштiң электр кедергiсi, өткiзгiштiң меншiктi кедергiсi, реостат
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:
8.4.2.7– кедергінің физикалық мағынасын, оның өлшем бірлігін түсіндіру;
8.4.2.8 – есеп шығарғанда өткiзгiштiң меншiктi кедергiсiнің формуласын қолдану
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар істей алады: Өткізгіштің кедергісі жайлы мағлұмат алады, оның өлшем бірлігін түсіндіреді
Көптеген оқушылар істей алады: Өткізгіштің меншiктi кедергісінің формуласын есептер шығаруда қолданады
Кейбір оқушылар істей алады: Формуланы түрлендіре алады, деңгейлік тапсырмаларды орындайды
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі//уақыты
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Ұйымдастыру
Өзін-өзі тексеру
Өткен білімді еске түсіру
Сабақтың басы
10 минут
Жаңа білім
10минут
Бекіту
15 минут
Кері байланыс
Сабақтың соңы.
10 мин
Бағалау
Үй тапсырмасы
Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын сұрау кезеңі
I Білу: Үй тапсырмасын сұрақтар арқылы пысықтау 1 – топқа «Ток күші -I »
1. Ток күші дегеніміз не?
2. Ток күшінің формуласы
3. Ток күшінің өлшем бірлігі қандай?
4. Ток күшін өлшейтін құралды не деп атаймыз?
/Амперметр деп аталады, өткізгішке тізбектеп жалғанады,
өлшем бірлігі ХБЖ ток күші Ампермен /А/ өрнектеледі.
5. Амперметр тізбекке қалай қосылады?
6. Амперметрдің шартты белгісі қандай?
7. Аттас зарядталған денелер қалай әсерлеседі?(тебіледі)
8. Янтарь сөзі қандай мағына береді? (электрон)
9.«Электр өрісі» ұғымын енгізген ғалым (Фарадей)
10.«Электр тогы» түсінігін енгізген ғалым (Ампер)
2 - топқа. «Кернеу - U»
1. Электр тогы дегеніміз не? /Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы /
2. Ток күші дегеніміз не? Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қандай да бір уақыт аралығында тасымалданатын электр мөлшерінің сол уақыт аралығына қатынасы I= g / t
3. Токтың қандай әрекеттерін білеміз?
1. Токтың жылулық әрекеті
2. Токтың химиялық әрекеті
3. Токтың магниттік әрекеті
4. Токтың физиологиялық әрекеті .
4. Ток көздеріне қандай құрылғыларды жатқызамыз? / гальвани элементі, генераторлар,аккумуляторлар жатады/
5. Кернеу дегеніміз не? /Тізбектің берілген бөлігінде заряд орын ауыстырғанда, электр өрісінің атқарған жұмысының осы зарядқа қатынасы кернеу деп аталады. U=A/g
6.Өткізгіштегі кернеу қандай құралмен өлшенеді /Вольтметрмен, ХБЖ. Кернеудің өлшем бірлігі - Вольт /В/
7. Вольтметр тізбекке қалай қосылады? Параллель жалғанады
8. Электрон зарядыныңмәнінанықтағанамериканғалымы (Милликен)
9. Атомныңортасында не бар?(ядро)
10. Денелердіңэлектрленуінанықтайтынқұрал(электроскоп)