1-тапсырма. «Джигсо» әдісі бойынша оқушыларға тапсырма беру. Топтық жұмыс оқушыларда айтылым, тыңдалым, жазылым дағдыларын дамытамын. Топ. Электр тогының жұмысына түсініктеме беру.
Дескриптор Электр тогының жұмысы,қуаты және Джоуль-Ленц заңының анықтамасын айтады.
Электр тогының жұмысы,қуаты және Джоуль-Ленц заңының формуласын біледі.
2- тапсырма «Есептер банкасы»:әдісі бойынша әрі тез және жылдам есеп шығаруға қалыптастыру.Оқушылардың айтылым, тыңдалым, жазылым қолдану дағдыларын қалыптастырамын. 1-Есеп. Жүк шығырын айналдыратын электр қозғалтқышы 9120 Дж –ге тең жұмыс атқарады .4А ток күшінде 24 Кл заряд өткендегі электроматордың қуатын табыңдар..
2-Есеп.Әрқайсысы 6В кернеуге ,0,6 А ток күшіне есептелінген екі шам 2мин жанды.Осы уақыт аралығында әр шамдағы және екі шамдағы электр тогының атқаратын жұмысты анықтаңдар.
3-Есеп.Мұнай араластырғышты іске қосатын электр қозғалтқышының қуаты 1900 Вт Электр қозғалтқышынан 2 сағ ішінде 14400 Кл зарядты өткізетін орамның кедергісін анықтаңдар.
4-Есеп. Кедергісі 20 Ом өткізгіштен 5 мин ішінде 300Кл мөлшерінде электр өтеді.Берілген уақыт аралығындағы токтың жұмысын есептеңдер.
5-Есеп.Мұнай мен су қоспасының кедергісі 1200 Ом . Сорғыту қондырғысы 3с жұмыс істегенде ондағы 5,5 А токтың атқаратын жұмысын табыңдар