Соөж оразбай Назгүл ҚТӘ-43 Тақырыбы: Оқыту тәжірибесіне бағдарлама идеялар енгізу (сабақты жоспарлау). Тапсырмалар



бет1/2
Дата27.11.2023
өлшемі20,28 Kb.
#129942
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
stud.kz-21979


1-2-3-СОӨЖ Оразбай Назгүл ҚТӘ-43
Тақырыбы: Оқыту тәжірибесіне бағдарлама идеялар енгізу (сабақты жоспарлау).
Тапсырмалар:

  1. Қысқа мерзімді жоспар

  2. Орта мерзімді жоспар

  3. Ұзақ мерзімді жоспар

Қысқа мерзімді жоспар
Оқудың әрбір кезеңінің басынан бастап соңына дейін алға ілгерілеуді қамтамасыз ету қысқа мерзімді жоспарда жоспарланады. Қысқа мерзімді жоспар орта мерзімді жоспардың құрамындағы бір тақырыпқа байланысты, оқушыға арнап құрылған сабақ жоспарының формасы немесе үлгісі. Яғни, қысқа мерзімді жоспар-жеке, дербес сабақ жоспары болып табылады.
Қысқа мерзімді жоспарда мақсат қоя білу, міндеттерді белгілеу, күтілетін нәтиже, модульдерді қолдану, сабақтың барысы, мұғалімнің іс-әрекеті, оқушының іс-әрекеті, бағалау және рефлексия бөлімдері бойынша мұғалімнің жұмысын бағалау ұсынылады.
Қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрудың негізгі міндеттері:

  • Сабақтың тақырыбын анықтау;

  • Әр тақырыпты меңгертудің мақсаттары мен міндеттерін белгілеу;

  • Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін түрлі әдіс-тәсілдер қолдану;

  • Тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым дағдылары бойынша түрлі жұмыс түрлерін дайындау;

  • Төрт дағдыны қалыптастыру үшін ұсынылатын оқу материалдарымен ресурстарды оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай іріктеп алу;

  • Уақытты үнемді және нәтижелі пайдаланудың жолдарын қарастыру;

  • Жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтау үшін рефлексия ұйымдастыру;

  • Сабақтың мазмұны бойынша қорытынды жасау;

  • Оқушыларға өзін-өзі тексеруге және бағалауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар дайындау;

  • Тақырыпты пысықтау үшін үй тапсырмасын әзірлеу.


Орта мерзімді жоспар
Тізбектелген сабақтар топтамасы мұғалімдерге болып жатқан өзгерістердің өзінің тәжірибесіне ықпалын ескере отырып, өзінің оқыту тәжірибесіне бағдарлама ұсынған идеяларды енгізуге мүмкіндік береді.
Орта мерзімді жоспар ұзақ мерзімді жоспармен анықталған бағдарларды нақтылайды және ең қысқа мерзім аралығында жүзеге асырылады. Орта мерзімді жоспарларда белгіленген кезеңге арналған негізгі міндеттерді тұжырымдайды. Онда әрбір тоқсанға немесе бөлімге арналған оқу тақырыптары көрсетіледі.
Мақсаты:

  • Оқу үдерісіне өзгеріс енгізу;

  • Тізбектелген сабақтар топтамада 7 модульді ықпалдастыру;

  • Оқыту мен оқу мақсаттарын нақты белгілеу;

  • Нәтижеге жету әдіс-тәсілдерін жүйелі қолдану;

  • Орта мерзімді жоспарлауға барлық оқушыларды түгел қамтитын әдістерді енгізу

Нәтижесі:

  • Оқу үдерісіне өзгеріс енеді;

  • Бағдарламаның 7 модуль идеялары ықпалдасады;

  • Бірлесіп жұмыс жасауға үйренеді;

  • Тізбектелген сабақтар топтамасында жаңа әдіс-тәсілдерді жоспарлау арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет