Электр тогын өндіру СЭС-40 ٪ Генераторларда магнит өрісінде өткізгішті айналдырғанда электр тогы пайда болады. Бұл жерде өткізгішті айналдыру үшін судың механикалық энергиялары қолданылады.
ЖЭС-40 ٪ Жылумен қаланы қамтамасыз етеді. Трубиналарда будың энергиясын электр энергиясына айналдырады.
Жел, күн-5 ٪ Жер мен ғарыштың ортасында бағаналар жоқ. Сондықтан ғарышкерлер күн энергиясымен қоректендірілген батареяларды қолданады.
АЭС-15 ٪Атом бомбасын бейбіт мақсатта реактордың ішінде жарады. 1г атом 1600т көмір жанған кезде бөлінетін жылуды береді, өте үнемді.
Өткізгіште токтың бар-жоғын оның әрекетінен байқауға болады.
Электр тогының әрекеттері: 1. жылулық әрекеті
2. химиялық әрекеті
3. магниттік әрекеті
4. физиологиялық әрекеттері
Токтың жылулық әрекеті. Өткізгіш бойымен ток өтсе, онда ол қызады. Бұл тұрмыстық техникада (электр шамында, үтікте, электрплиткада, қайнатқыштарда, электр лампасы, шашкептіргіштерде) кеңінен қолданылады. (оқушыларға көрсету)
Токтың химиялық әрекеті. Химиялық ерітіндіге батырылған өткізгіш арқылы ток өткенде ерітінді құрамындағы заттар бөлінеді. Осы тәсілмен таза мыс алуға, металл бетін күміспен қаптауға болады. (сыртына күміс шеңбер, гүл салынған стақанды көрсету, бейнеролик тамашалау)
Токтың магниттік әрекеті. Өткізгіштен ток өткенде оның айналасында магниттік қасиет пайда болады. Темір заттарын магнит сияқты тартады. (бейнеролик тамашалау)
Токтың физиологиялық әрекеті. Жануарлар денесінен ток өтсе, онда бұлшықеттер жиырылады. Итальяндық анатом және физиолог Луиджи Гальвани атмосферадағы электр тогының бақа еттеріне әсерін зерттеген.
1786 жылы Гальвани бақаның табанын кесе салысымен, оны металмен жалғап, бұлшық еттерінің жиырылуын байқады. Гальванидің бұл жаңалығы түрлі салада айналысатын физик, химик, философ, дәрігер ғалымдардың қызығушылығын тудырды. (Вольта бағанасын айтып кету)
Үлкен токтардың адам денесіне әсері қатты, сондықтан токпен жұмыс істегенде абай болу керек.
Сонымен ток көзін жасау үшін зарядтарды бөлгенде электрлік емес күштерді қолданады. Бұл күштерді бөгде күштер деп атайды. Бөгде күштердің әрекетін сипаттау үшін ε(эпсилон) әрпімен белгіленетін электр қозғаушы күші (ЭҚК) ұғымын енгіземіз. Ол ток көзінің энергетикалық сипаттамасы болып табылады.
ХБЖ-де ЭҚК-нің бірлігі 1 Вольт (В) болып табылады.