Сабақтың мақсатын қою (3 мин.)
- Қалта шамы ненің көмегімен жанады?
- Үйдеге электр шамы тоқты қайдан алады?
- Олай болса балалар электр тогы үздіксіз келіп тұру үшін оны шығарып тұратын көздер болады екен. Оны қалай деп атауға болады?
- Көшедегі электр жарығы кенет өшіп қалса, ол нені білдіреді?
- Ток деген не?
1. Электр тогы.Бұған дейін тыныштықтағы электр зарядымен таныстық. Іс жүзінде, яғни адам өмірінде реттелген қозғалыстағы эл. зарядтарының маңызы зор.
Еркін заряд тасымалдаушылардың реттелген қозғалысын электр тогы дейміз.
Зарядталған денемен зарядталмаған денені қосатын өткізгіште электр тогы пайда болады. Ток зарядталған денеден зарядталмаған денеге қарай жүреді. Себебі зарядталмаған дененің потенциалы әрқашан төмен болады да, олардың арасында бағытталған электр өрісі бар болады. Осы бағытпен ток жүреді.
- сонымен, өткізгіште электр тогы жүру үшін басты шарт не деп ойлайсыңдар?
- Өткізгіште еркін заряд болмаса ток жүре ме?
- Электр өрісі қайда пайда болады?
қорытынды:
электр тогы жүріп тұру үшін:
электр өрісін үздіксіз шығарып тұратын ток көзі керек.
- Яғни бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:
Электр тогы. Ток көздері Өрісті туғызатын ток көздері керек; — Ток көздеріне гальвани элементін, аккумуляторлар, генераторлар, Күн батареясын айтуға болады.
♦ Гальвани элементінде (эл.батареясы), аккумуляторда – химиялық реакция әсерінен зарядттар бөлінеді. Реакцияда бөлінетін ішкі энегрия электр энергиясына түрленеді. Бұл итальяндық анатом және физиолог Луиджи Гальванидің құрметіне арналған.
♦ генераторларда (СЭС, ЖЭС, жел, күн электр станциялары)
магнит өрісінде өткізгішті айналдырғанда электр тогы пайда болады. Бұл жерде өткізгішіті айналдыру үшін, судың, будың, желдің механикалық энергиялары қолданылады.
♦ күн батареясында жылу әсерінен жартылай өткізгіш ішінде зарядтар оң және теріс полюстерге жіктеліп ток көзі пайда болады, яғни жарық, жылу энергиялары электр энергиясына түрленеді. Бұл күн энергиясын жұтатын пластинка (көрсету) Металл жылуды қабылдайды.(арнайы репортаж)