Ұйымдастыру
Өзін-өзі тексеру
Сабақтың басы
10 минут
Өткен білімді еске түсіру
Жаңа білім
10 минут
|
Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Зертханалық жұмыс кезіндегі техника қауіпсіздік ережесін сыныппен қайталау.
Жұмыс барысы
1. Катод ретінде қолданылатын мыс пластинканы 10 минут электрпе ішінде кептіріп, таразда тарту керек. Өлшенген М1массаны 1-кестеге жазыңыз.
2. Анод пен катод ты шыны қауызға орналастырыңыз. Ток көзінің теріс клемасына катодты, оң клемасына анодты жалғаңыз.
3. Ток көзі мен секундомерді бір уақытта қосыңыз. Токты электролит арқылы 10-20 минут өткізіңіз.
4. Ток көзі мен секундомерді өшіріңіз. Катодты электр пешінде кептіріп таразыда М2 массасын анықтаңыз. М1–М2 массаларының айырымын анықтап кестеге жазыңыз.
5. (7) теңдеу арқылы электронның зарядын анықтаңыз. ( =63,510-3 кг/моль)
сурет 1
Есептелген мәндерді 1-кестеге жазыңыз.
1-кесте
М1,
кг
|
М2,
кг
|
М,
кг
|
I,
А
|
t,
c
|
К, кг/Кл
|
F, Кл/моль
|
е,
Кл
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Теориялық сұрақтар
Бірінші және екінші ретті өткізгіштер деп қандай өткізгіштерді айтамыз?
Электролиздің екі заңын тұжырымдаңыз.
Фарадей саны мен заттың электрохимиялық валенттілік арасында қандай байланыс бар?
Фарайдей санының физикалық мағынасын түсіндіріңіз.
5. Қауыз арқылы айнымалы ток өткізу арқылы заттың электрохимиялық валенттілігін анықтауға болады ма?
6 Бұл жұмыста қателіктің болу себептерін көрсетіңіз.
Қорытынды жазыңыз
№ 9 Зертханалық жұмыс
Бір валентті ионның электр зарядын өлшеу
Зертханалық құралдардың жоқтығына байланысты тест жұмысын орындаймыз
1. Электролиттер және газдарда электр тогын қандай заряд тасымалдаушылар тудырады?
а) электролиттерде де, газдарда да тек иондар;
б) газдарда тек иондар, электролиттерде –иондар және электрондар;
в) газдарда тек электрондар, электролиттерде - иондар және электрондар;
г) газдар да, электролиттерде тек электрондар;
д) газдарда иондар және электрондар, электролиттерде тек иондар.
2. Вакуумдік диодта катодтан электрондардың ұшып шығуына себепші:
а) фотоэффект;
б) анод пен катод арасындағы кернеу;
в) катодтың тотығу химиялық реакциясы;
г) термоэлектрондық эмиссия;
д) радиоактивті бета ыдырау.
|