Сабақтың тақырыбы: Электр заряды. Зарядтың беттік және көлемдік тығыздығы. Зарядтың сақталу заңы. Кулон заңы



бет1/44
Дата06.12.2022
өлшемі1,57 Mb.
#55230
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Байланысты:
Саба ты та ырыбы Электр заряды. Зарядты беттік ж не к лемдік



Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Электр заряды. Зарядтың беттік және көлемдік тығыздығы. Зарядтың сақталу заңы. Кулон заңы

Білім беру ұйымының атауы

Юрий Гагарин мектеп-лицейі

Пәні:

Физика

Бөлім:

10.4 . Электростатика

Педагогтің аты-жөні:

Бердалиева Ф.Ш

Күні:

11.01.22ж

Сынып: 10

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Электр заряды. Зарядтың беттік және көлемдік тығыздығы. Зарядтың сақталу заңы. Кулон заңы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

10.4.1.1 - электр эарядының сақталу заңы мен Кулон заңын есептер шығаруда қолдану;

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар істей алады: Электр заряды, денелердің электрленуі ұғымдарына сипаттама береді
Көптеген оқушылар істей алады: Кулон заңының физикалық мағынасын ашып көрсетеді
Кейбір оқушылар істей алады: Кулон заңы мен электр зарядының сақталу заңына есептер шығарады

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру
Өзін-өзі тексеру

Сабақтың басы


10 минут

Өткен білімді еске түсіру


Жаңа білім


10 минут

Бекіту
10 минут


Кері байланыс


Сабақтың соңы
10 минут



Ұйымдастыру кезеңі:
«Кім», «Қайда», «Қашан»? телебағдарламасындағы әуен ойналады.


Мұғалім оқушылардың наза


рын қара жәшікке аударады. Қара жәшіктегі затты анықтау үшін оқушыларға сұрақ қою..


Қандай заряд нүктелік деп аталады?
Кулон заңын тұжырымдаңдар.
Кулон заңы қалай ашылды?
Электр заряды қандай бірліктермен өлшенеді?
Ортаның диэлектрлік өтімділігінің физикалық мағынасы қандай?
Неліктен электрлік тұрақты енгізілді?
Суперпозиция принципін тұжырымдаңдар.

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.


Сабақ тақырыбын және оқу мақсатын таныстыру


Жаңа сабақ
Француз ғалымы Ш.Кулон 1785 жылы тәжірибе жүзінде вакуумдегі нүктелік зарядтардың өзара әрекеттесу заңын ашқаннан кейін, ХVІІІ ғасырдың соңына қарай , электр құбылыстарын сандық жағынан зерттеу басталды. «Нүктелік заряд» ұғымы «материялық ұғымы» тәрізді ыңғайлы абстракциялау болып табылады.
Өлшемдері өзара әрекеттесетін денелердің арақашықтығынан бірнеше есе кіші болатын денеде орналасқан зарядты нүктелік заряд деп атайды.
F ~ q∙q
F ~ (q∙q ) / r 2
F ~ 1 / r 2
Қозғалмайтын екі нүктелік заряд вакуумде зарядтардың көбейтіндісіне тура пропорционал және оның арақашықтығының квадратына кері пропорционал күшпен әрекеттеседі.
F = k∙(q∙q ) / r 2
к = 9∙109 Н∙м2/ Кл2 - пропорционалдық коэффициент
ε0 = 8.85∙10-12Кл2/Н∙м2 - электр тұрақтысы
F = 1 / 4π ε0∙(q∙q) / r 2 н/е F = 1 / 4π ε0∙(q∙q) / ε∙r 2
ε- диэлектрлік өтімділік.
1 кулон – вакуумде 1м арақашықтықта орналасқан шамасы жағынан өзіне тең нүктелік зарядқа 9∙109 Н күшпен әрекет ететін нүктелік заряд.
1 – тапсырма: І топ:

  1. Қандай зарядты «нүктелік» деп атайды? Осы ұғымды «материялық нүкте» ұғымымен салыстырыңдар

  2. 1 кулон дегеніміз не?

  3. диэлектрлік өтімділік дегеніміз не?

ІІ топ:

  1. кулонның иірілмелі таразымен жүргізілген тәжірибесінің мәні неде?

  2. кулон заңын тұжырымдаңдар және осы заңды анықтайтын формуланы жазыңдар?

  3. электр тұрақтысы деген не?

2 – тапсырма: І топ:

  1. екі нүктелік зарядталған денелердің арақашықтығын 2 есе арттырғанда, олардың арасындағы өзара әрекеттесу күші қанша есе өзгереді? 2 есе кеміткенде ше? ( 4 есе кемиді; 4 есе артады)

  2. ара қашықтығы 2 см, ал зарядтары 2∙10-9 Кл және 4∙10-8 Кл болатын бірдей екі кішкене шар вакуумде қандай күшпен әрекеттеседі? (F= 2∙10-9 ∙4∙10-8∙9∙109 / 4∙10-4 = 1,8∙10-3 Н)

  3. Бір – бірінен 5см қашықтықтағы екі нүктелік заряд өзара 0,4мН күшпен әрекеттеседі. Әр зарядтың шамасы қандай? (q2 = 0.4∙10-3 × 25∙10-4/ 9∙109 = 1,1∙10-16= 100∙10-18 Кл 2; q= 10∙10-9 Кл.)

  4. Есептер жинағынан: 1мкКл және 10нКл екізаряд 9мН күшпен біріне – бірі қандай қашықтан «әсер етеді? (r2 = 9*109*10-6*10*10-9/9*10-3= 100*10-4 м2. r=10*10-2м= 10см)

ІІ топ:

  1. екі нүктелік зарядталған денелердің біреуінің зарядын 3 есе арттырғанда , олардың арасындағы өзара әрекеттесу күші қанша есе өзгереді? 3 есе кеміткенде ше? (3 есе артады, 3 есе кемиді)

  2. 2*10-8 см қашықтықта орналасқан екі электрон бірін – бірі қандай күшпен тебеді? (F= 9*109 * 1.6*10-19 *1.6*10-19/ 4*10-20 = 6*10-9 H)

  3. Аспандағы екі бұлттың электр зарядтары сәйкесінше 20 Кл және 30 Кл. Бұлттардың орташа арақашықтығы 30 км болса, онда олар бір – бірімен қандай күшпен әрекеттеседі? ( F= 9*109 * 20*30 / 30*103 * 30*103= 6*103 H)

  4. Есептер жинағынан : Бірінен – бірі 3 см қашықтықта тұрған әрқайсысы 10 нКл екі заряд өзара қандай күшпен әсерлеседі?

( F= 9*109 * 10*10-9 * 10*10-9/ 9*10-4= 100 * 10-5= 1*10-3= 1 мН )




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет