1 тапсырма.
«Джигсо» әдісі бойынша оқушылар оқулықпен жұмыс істейді. 4 топқа оқулықтағы мәтін бөлініп беріледі. Мәтінді оқып болған соң постер қорғайды.
Мәтінді жақсылап оқып, түсінгеніңді плактқа түсір.
1 топ – Дөңгелек жайлы, велосипед, телефон, бу қозғалтқышы туралы
2 топ – Батарея, электр шамы, телеграф радио туралы
3 топ –, компьютер, ғаламтор, микроскоп, вакцина туралы
4 топ – дүние жүзінің дамуына үлес қосқан ғалымдар туралы оқиды.
Дескриптор:
Мәтінді оқып, дүние жүзінде болып жатқан жаңалықтар туралы өз ойын түсіндіреді.
2 тапсырма. «Ойлан тап» әдісі бойынша оқушылар топпен жұмыс жасайды. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып, қай бағытқа жататынын анықта.
Оқушыларға сөздер мен сөз тіркестерін таратып беріп, солардың арасынан әлемді өзгерткен ашылымдар мен жаңалықтарды таңдауларын сұраңыз. Оларды келесі бағыттар бойынша бөлулері керек:
«Жер және ғарыш»,
«Заттар мен материалдар»,
«Энергия және қозғалыс»,
«Адам және табиғат». Мысалы, электр тоғы мен телеарна, болат, силикон, вакцина, жеке компьютер, пенициллин, динамит, ұялы телефон, ғаламтор, пластмасса, фотография, резеңке, заманауи көлік, ғарыш кемелерін ұшыру, наркоз, компас, мұнай, протез, трансплантант, батарейка, телескоп, ДНҚ және т.б. жаңалықтар.
Әрбір топ өздерінің жіктеуін көрсетеді және өздерінің таңдауларына негіздеме берулері керек. Оқушыларды олардың өздері білетін немесе бұл тізімге жатқызуға болатын ғылыми жаңалықтар мен өнертабыстарды атап, тізімді толықтыруларын ұсыныңыз.
Дескриптор:
Сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, қай бағытқа жататынын анықтайды.
3 тапсырма. «Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі бойынша оқушылар кестені толтыру керек. 3 топқа 3 тапсырма.
Кестені толтырыңдар.
1 топ
Достарыңызбен бөлісу: |