Оқушыларды жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік шараларымен таныстыру
Жаз мезгілінде табиғат апаты болғанда адам өміріне қауіпті жағдайда өз өмірін сақтап қалуға және қасындағы адамдарға көмек көрсете білуге, жанашырлық пен табандылыққатәрбиелеу;
Білім алушылардың жаз мезгілінде табиғат апаты жағдайында болатын қауіпсіздік шаралары туралы ой- өрісін кеңейтіп білімін дамытып тереңдету
Бағыты
Салауатты өмір салты
Бағалау критерийі
Өзінің және өзгенің жаз мезгілінде табиғат апаттары жағдайында қауіпсіздік ережелерін сақтай білу
Ресурстар
Слайд, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Оқушыларды топ-топқа бөлу үшін қағаздарға топ аттары жазылып жасырылады. Кім қай топты таңдаса, сол топқа кіреді.
1-топ
2- топ
3- топ
«Ойқозғау» стратегиясы
Бейнекөрсетілім: "Жаз мезгілінде төтенше жағдайдалардан сақтану жолдары мен қауіпсіздік ережелері туралы"
Бейнекөрсетілім туралы не айта аласыз? Не ой түйдіңіз?
Әо топ өз ойларын айтады.
Кесте
суреттер, маркерлер, стикерлер,
Сабақтың ортасы
16 мин.
Балалар бүгінгі ұйымдастырылған іс-әрекетіміздің тақырыбы
Суда жүзудің қауіпсіздік ережесі
Суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шаралары
Жаздың ыстығында күнге және ыстық құмға қыздырыну, салқын суға шомылу жанға сондай жайлы. «Су сенің досың және дұшпаның».
Жас балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың суда қауіпсіздік ережелері, шараларын орындамауы орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады. Сондықтан осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін, төмендегі ережелерді орындаған жөн:
I. Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары
- Суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз.
- Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз.
- Суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылыңыздар.
- Өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршауға және тоңып қалтырауға дейін жеткізбеңіз.
- Суға түскенде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыз.
- Қоршау белгілерінен, буйлардан тысқары аумаққа шықпаңыз.
- Техникалык ескерту белгілерінің, буйлардың және басқалардың үстіне шығушы болмаңыздар.
Өзендер мен көлдерде, тоғандарда, тоқтау сулар мен шалшық суларда шомылудың қауіпі мол, себебі инфекциялық аурулардың қоздырғыштары ағын суда: Іш-сүзегі 183 тәулік, дизентерия 12-92, оба 4-92, туляремия 7-31, бруцеллез 4-45 тәулікке дейін өмір сүреді.
III. Аяқ-қол тырысуы (судорога) болғанда сіздің іс-әрекетіңіз
Суық суда шомылу қол-аяқтың тырысып қалуына әкеліп соғады.
- егер тырысу болғанда жүзуді тоқтатып суға арқаңызбен шалқалай жатыңыз, сабырлық сақтаңыз.
- Қолыңыздың саусақтары тырысып қалғанда жұдырығыңызды түйіңіз, қолыңызды бір жаққа қарай серпе лақтырып, жұдырығыңызды ашыңыз.
- Балтыр бұлшық еті тырысқанда бүгіліп қолыңызбен аяғыңыздың басын қысып бар күшіңізбен өзіңізге қарай тартыңыз, немесе аяғыңызды судың астына созып, аяғыңыздың бармақтарын алға иіңіз. Содан соң балтырыңызды сылаңыз.
- Тырысу қойысымен тынығып алып, жүзудің басқа әдісімен жағаға шығыңыз.
IV. Су иірімінен шығудың тәсілдері
- Егер иірімге тап болсаңыз, кеудені кере дем алып, иірімнің астына сүңгіңіз.
- Судың астында иірімнен алысырақ кетуге тырысыңыз.
- Иірімнен алыстаған соң судың бетіне қайта шығып жағаға қарай жүзіңіз.
V. Суда қатты шаршаған кездегі іс-әрекет
Суда ұзақ шомылу шаршап - шалдығуға әкеліп соғады.
- Егер суда шарашасаңыз немесе тоңсаңыз тез арада жағаға қайтыңыз. Сабыр сақтаңыз.
- Әлсін - әлсін шалқалай жатып дем алыңыз, күшіңізді үнемдеңіз, өзіңізді және уақытты бақылау үшін, жаймен дауыстап санаңыз.
- Егер өз күшіңізбен жағаға жете алмайтыныңызды сезінсеңіз шалқалай жатып қолыңызды бұлғап көмекке шақырыңыз.