1.Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
2.Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, ұлттық патриоттық сезімге тәрбиелеу;
3.Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.
Бағыты
Патриоттық тәрбиесі
Бағалау критерийі
Оқушылар тәуелсіз елімізді өркендету үшін Отанымызға білімді, саналы азаматтар керек екенін түсінеді
Ресурстар
слайдтар «Нұрсұлтан Назарбаев – тұңғыш президент» Елбасының портреті, оқушылар шығармасы.суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, көрнекілік, ой шақыру,
Оқушыларды топ-топқа бөлу үшін қағаздарға топ аттары жазылып жасырылады. Кім қай топты таңдаса, сол топқа кіреді.
1-топ: « Елбасы»
2-топ «Көшбасшы»
3-топ: «Қолбасшы»
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны орындалады.
-Балалар , Н.Ә.Назарбаев кім?
Кіріспе.«Елбасына» Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік!
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.