Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын) Адал ұрпақ мәңгілік елдің кепілі



бет2/2
Дата02.12.2023
өлшемі19,73 Kb.
#132416
түріСабақ
1   2
Байланысты:
1654543085 (1)

ІІ . Мағынаны тану.


І бөлім.Сұрақ-жауап әдісі
Жалпы адалдық дегенді қалай түсінесіңдер?
Адал дос дегенді қалай түсінесіңдер?
Адал болу кез - келген адамның қолынан келмейді? Неліктен?
Ата - анаға, бауырға, ортаға жалпы өмірде адал болу дегенді қалай түсінесіңдер?
Сен өзіңді адал жанмын деп айта аласың ба?
ІІ бөлім. бөлім. Шәкәрім өсиеті- адалдық айнасы атты видеоролик көрсетіп, сұрақтарға жауап беру
1.Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи.
Ғибадат пен адалдық ар үшін жи» деген өлең жолында нені меңзеген?
IIIбөлім. Ситуациялық сұрақтарға жауап беру
1. Сенің Айнұр шын сырлас, мұңдас досың. Ол сыныбыңдағы Айгүлмен ренжісіп қалады да саған келіп Айнұрдың кемшіліктерін айтып досыңды жамандады. Сенің әрекетің?
2.Ажар мен Алмагүл сабақтан келе жатыр еді. Ажар жарнамадан жаңа фильмнің басталғанын көрді. Менің қалтамда апамның «самса алып жерсің» деп берген ақшасы бар. Кеттік, кино көрейік,- деді. Алмагүл: Үйден сұранып шыққан жоқпыз. Іздеп қалады ғой,- деп іркіліп қалды. Ештеңе етпес, «мектепте болдық» деп айта саламыз. Ажардың ұсынысына сен қалай жауап берер едің?



Сұрақтарға жауап береді


Оқушы мәнерлеп оқиды
Мал жимақ
Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи,
Қазаққа көз сүзбестің қамы үшін жи.
Арың сатпа, терің сат, адалды ізде,
Ғибадат пен адалдық, ар үшін жи.
Ерінбесең еңбекке, дәулет дайын,
Жаратқан жоқ жатсын деп бір Құдайың.
Ойласын деп ой берді, көруге көз,
Аяқ берді, тапсын деп басқан сайын.
Үйде отырып салғанмен сарыуайым,
Тілегенің тұра ма саған дайын.
Жүріп-тұрып, ойланып істеп көрсең,
Харекеттің білесің сонда жайын.
...Талаппенен адал істі істемекпіз,
Тапсырдық бір Аллаға біз демекпіз.
Ындының таза болса, именбеңіз,
Дәулетті осылайша іздемекпіз...
© Шәкірім Құдайбердіұлы
Ситуациялық сұрақтарды талдайды, өз ойларымен бөліседі.

https://youtu.be/9-2UHkyi-gIIII

Соңы (5 мин)

Қорытынды.
Бүгінгі кеште ойымызды ортаға салып адалдық, адамдық туралы көп нәрселер айтылды. «Адалдық - адамдықтың белгісі» демекші осы өмірде адал болып, тек адалдық істер істеп адамдығымызды көрсетіп, кейінгіге үлгі болып жүрейік.










Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет