3.Білімді жан-жақты тексеру. Бұрынғы өтілген материалды қайталау.
4.Оқушыларды жаңа сабақты саналы,белсенді түрде қабылдауға даярлау кезеңі. А)жаңа сабаққа назарын аударту.
Ә)жаңа сабақтың тақырбын мақсатын, міндетін хабарлау.
5.Жаңа сабақ.Тақырыпты сұрақ –жауап түрінде түсіндіріп өту.
Тақырыбы: Ерік туралы түсінік.
Жоспар: 1.Ерік туралы түсінік
2.Ерік түрлері
3.Ерік сапалары
Адамды әрекетке бағыттайтын, мақсат қоюға талаптандыратын бір түрткі болады, мұны психологияда мотив не түрткі д.а. Кез-келген түрткі сан-қилы қажеттермен тікелей, не жанама түрде байланысып жатады. Адамды әрекетке итермелейтін негізгі түрткі- оның қажеттіліктері. Адам өз қажеттеріне байланысты алдына түрлі мақсаттар қояды. Осы мақсаттарды орындау үшін түрлі әдіс-амалдар қарастырады. Осының салдарынан қимыл-қозғалысқа, іс-әрекетке түсіп отырады.
Ойланып істелетін, алға мақсат қоюды қажет ететін, түрлі кедергілерді жеңе білуден көрінетін қимыл-қозғалыстарды психологияда ерік амалдары немесе ерік деп аталынады. Сонымен ерік дегеніміз адамның өз мінез-құлқын меңгере алу қабілеті.
Ерік-бұл адамның мақсат қоя отырып жұмыс орындау барысында кезіккен сыртқы немесе ішкі кедергілерді жеңумен байланысты өз әрекеттерін қолдап, реттей білу қасиеті.
Ерік адамның практикалық және танымдық әрекетін ретке келтіруден көрініп, соларды жүзеге асырудан тұрады. Ерік туралы эмоциялық теорияны ұсынушы неміс психологы В.Вундт. Оның көзқарасы бойынша, ерік эмоциялық сезімдердің тек бір түрі ғана болып табылады. Ерік ең күшті сезімдердің, аффектердің ерекше варианты. Жағымды сезімдер ерікке негіз болып, оларды тудырып отырады. Әрине ерікті эмоцияның бір түрі деп айтуға болмайды. Өйткені ерік пайда болу үшін, оған адамның түрлі жағымды сезімдері түрткі болмайды, керісінше адамның мұқтаждықтары себеп болады. Америка психологы Джемс ерік адамда пайда болған ойдың еріксіз қимылға айналуы дейді. Оның пікірінше, адамның қимыл-әрекеттері ой арқылы өздігінен қимылға айналып кетеді. Мысалы, адам көзін жұмып тұрып екі қолын екі жағына созып, бір қолын алдына, екінші қолын артына қарай қимылдатса, адамның қолы өздігінен біраз қимылдай бастайды. Немесе адам жіпке бір тасты байлап, қолын созып жіпке тізген тасты жай айналдырам деп ойласа, жібі қимылдап өздігінен айналғандай болады. Міне, осындайды Джемс ерік әрекеті деп ойлайды.
Еріксіз әрекеттердің физиологиялық негізі болып табылатын шартсыз байланыстар тізбегі - инстинкт әректі ырықсыз орындалады. Психологияның табиғи – ғылыми негіздерін қалаған И.М.Сеченов пен И.П.Павловтың ілімі ерікті әрекеттердің негізі мұндағы материалдық процестер, сыртқы әсер мен мидың уақытша байланыстары шартты рефлекстер деп түсіндіреді. И.М.Сеченов ерікті әрекеттердің физиологиялық механизімін зерттей отырып, адамның ассоциациялық рефлекстердің жиі қайталану жолымен өзінің қимылдарын жіктеп ажыратуға бейімделетіндігін және сол рефлекстер арқылы қимылдарын тоқтатын қабілетерді игеретіндігін дәлелдейді.
Ерік әрекеттерін орындауда адамның саналы әрі мақсатты қимыл-қозғалыстарын ретеуші екінші сигналдық жүйенің маңызы орасан. Екінші сигналдық жүйе адамның қозғалыс (моторная) қуатын арттырумен бірге, барша психикалық процестерінің: ойлау, қиял,ес,зейін, сезім-бастау көзі. Осындан, ырықты әркет бас миі қабығының барша бөліктерінің біркелкі қызметінің нәтижесі ретінде көрінеді.
Ерік құрылымы. Еріктік әрекеттің орындалу кезеңі өзінің күрделі құрылымына ие. Шешімнің орындалуы қандай да мерзіммен байланысты. Егер шешімнің орындалуы ұзақ мерзімге кейін қалдырылса, онда ол ниет қана. Ниет соңға ысырылған әрекетке дайындық ретінде танылып, шешімге байланысты көзделген мақсатты білдіреді. Мысалы, оқушы келесі жылдан бастап «бескең оқуды жоспарлайды, яғни ниет қояды. Мұндай ниет ерікті әрекет жасауға жеткіліксіз. Бұл әрекетте мақсатқа жетудің жоспарлау сатысын ғана байқаймыз. Жоспарлау-күрделі ой әрекетімен ұштасқан, қабылданған шешімнің тиімді әдістері мен құрал-жабдығын іздестіру кезеңі.
Ерік-адамның өз болмысын билей алу қабілеті, өз ұмтылыстары, сезімдері мен құмарлықтарына тоқтам беру қасиеті.