3.2.1.2 өсімдіктердің қоршаған орта жағдайларына (жылу, жарық, ылғал) бейімделу жолдарын түсіндіру;
Оқу мақсаты:
Барлық оқушылар: бөлме және мәдени өсімдіктерді күту тәсіл дерін сипаттау;
Оқушылардың басым бөлігі: қоршаған әлемнің құбылыстарына бақылау жүргізу.
Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады
Сабақтың мақсаты
Оқушылар өсімдікке қалай күтім жасау керек тігін білетін болады. Бұл үшін олар өсімдіктерге күтім жасаудың әртүрлі әдістерімен, соған ар налған арнайы құралдармен танысады.
Оқушылар бөлме өсімдіктеріне қалай күтім жасау керектігін үйренеді.
Оқушылар «өсімдік», «өсімдік өмірі», «өсімдіктің маңыздылығы» сөздерді қатыстыра отырып, сөйлемдер құрайды.
Құндылықтарды дарыту
Сымбатты болып өсуінің маңыздылығы жайлы айта келе салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Алдыңғы білімдер
Оқушылар өсімдіктің өмірі мен және қызметін атап, көрсете біледі (табиғат, топтары, тірі өсімдік, түрлері, т.б.) және табиғаттағы өсімдіктерді ролі, өсуі мен дамуы үшін керек қажеттіліктерін анықтай алады.
Жыл мезгілі
Сырттағы күн райын бақыла.
Қазір жылдың қай мезгілі?
Жыл мезгілін ажыратуға
болатын үш белгіні ата.
Өсімдіктерге назар аудар!
Бір ағаштың оқиғасы
Суретке қара. Нені байқадың?
Жыл мезгіліне байланысты
алма ағашында қандай
өзгеріс
болады? Алма ағашының
басынан кешкен оқиғасы жайлы әңгіме құрастыру
Кіріспе тапсырма. Оқушыларға “Бағбанның қимылы” пантомимасын жасауды ұсыныңыз. Олар топпен бағбанның қимылдарын ойлап тауып, сосын
неге олар осы қимылды көрсеткенін және әр қимыл дың нені білдіретінін түсіндірулері керек.
Құрал-саймандармен таныс бол.Оқушылар дың назарын оқулықтағы құрал-саймандардың суретіне аударыңыз. Олардан суреттердегі құрал-саймандарды анықтап, осы құрал-саймандармен қалай жұмыс істеу керектігін айтқызыңыз және сол қимылдарды жасап көрсетулерін сұраңыз.
Күтім жасау. Мынадай сұрақтарды қойыңыз: “Өсімдік өсіп тұрған топыраққа да күтім жасау керек пе? Әлде өсімдікке ғана ма? Неге? Өсімдіктің қай бөлігі топырақта орналасқан? Тамыр топырақтан не сіңіреді?” Оқушылардың назарын суреттерге және берілген жазуларға аударыңыз. Бала не істеп жүр? Егер өсімдікті суармаса, оған не болады? (Солып қалады.) Тыңайтқыштар не үшін керек? (Уақыт өте келе, топырақтағы қоректік заттар жойылады, сон дықтан оған тыңайтқыштар қосып отыру қажет.) Топырақты неге қопсыту керек? (Тамырға ауа жақсы жетеді.)
Сабақтың ортасы
(Т) Балалар, «Өсімдік» дегенде сендердің көз алдарыңа не елестейді?
«Өсімдік» тақырыбына бес жолды өлең құрау 1.Өсімдік
2.Әдемі, әсем
3.Өседі, қуантады, қоректенеді
4.Өсімдік – адамға тіршілік береді.
5.Гүл немесе ағаш т.б.
Топпен жұмыс. Оқулықпен жұмыс
I – топ. Өсімдік барлық жерде өседі. Олардың түрінің көптігі сондай, санап тауыса алмайсың. Біздің елімізде өсімдіктің алты мыңнан астам түрі бар. Олар түрлі жағдайда: ыстық шөлде, тау беткейінде, ылғалды жерде және суда өседі.
Сұрақ парақтары: