Осы сабақтақолжеткізілетіноқумақсаттары (оқубағдарламасынасілтемелеу)
3.5.5.1* Электр энергиясы көздерін анықтау.
Сабақмақсаттары
•электр энергиясы көздерін анықтау;
• маңызды ғылыми жаңалықтар мен олардың адамның күнделікті өміріне әсері туралы әңгімелеу.
Бағалаукритерийлері
•Электр энергиясы көздерін ажыратады.
Тілдікмақсаттар
Электр, электрлену
Құндылықтардыдарыту
Оқушылар топпен, жұппен жұмыста бір-бірінің пікірін құрметтеуге, тыңдауға, өз ойын еркін айтуына баулу.
Мектеп миссиясы мен мектеп пайымдауы және жаһандық азаматтықтың іске асуы
Маңызды ғылыми жаңалықтар мен олардың адамның күнделікті өміріне әсері туралы біледі.
Пәнаралықбайланыстар
Дүниетану
Алдыңғы меңгерілген білім
Табиғаттағы және техникадағы электр жайлы біледі.
Сабақбарысы
Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері
Сабақтажоспарланғаніс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
Ұйымдастыру кезеңі. ОМ таныстыру. Электрді алғаш кімнің ашқанын білесің;
Электрлендірудің не екенін түсінесің
Сабақтың ортасы
Кіріспе тапсырма. Оқушыларға жұмбақ жасыру.
Сым бойымен жүремін, Жылу, жарық жеткізіп.
Сымда өмір сүремін, Ымыртты жарық еткізіп.
-Жұмбақ не туралы? (электр, электр тогы туралы).
-Электр кенеттен жоғалса, адамдар қандай күйге түсер еді?
-Мұндай жағдайда не болатынын көз алдарына елестетіңдерші?
(Мысалы, телефон, теледидар, компьютер, тоңазытқыш және т.б. электр энергиясынсыз қалай жұмыс істейтінін сипаттап беруі керек.) Оларға алдағы бірнеше сабақ барысында электр әлеміне байланысты көптеген қызықты мәліметтермен танысатынын айту.
Электр біздің өмірімізде. Оқушылармен бірге суреттерді қарау.
-Олардың өмірінде осындай жағдай болып көрді ме? Осы суреттерге не ортақ? (Шаштары жан-жаққа ұшып бара жатқандай). Мұндай құбылысты түсіну үшін аталған жайтқа бірнеше минуттан соң қайта оралатынын айту. Сен білесің бе? Оқушыларға янтарьды көрсету. Ол моншақ, сақина, білезік болуы мүмкін.
-Олар бұл тастың қалай аталатынын біле ме? Егер оқушыларға ол таныс болмаса, ол ежелгі ағаштардың қатып қалған шайыры екенін айтып беру. Ал оны теңіз түбінен алады. Ол адамзатқа баяғы замандардан таныс. Фалестің ашқан жаңалығы жайлы аңызды айтып беру. Янтарьды жүнмен үйкеу үдерісі электрлену деп аталатынына, янтарь сөзі грек тілінен аударғанда – «электрон» деген мағынаны білдіретініне назар аудару.
«Янтарь» сөзі грек тілінен аударғанда «электрон» деген мағына береді. «Электр» сөзі осы сөзден шыққан. Электрлену құбылысының ашылуын ежелгі грек аңызымен байланыстырады. Аңыз бойынша, ғалым Фалестің әдемі қызы болған. Бірде ол жіп иіріп отырып, янтарь ұршығын қолынан түсіріп алады. Оны көтеріп, сүртеді де, қайтадан иіре бастайды. Ұршыққа жүннің қылшықтары жабыса береді. Сонда Фалес мұның янтарьмен байланысты екенін түсінеді.
Янтарьдан жасалған заттардың барлығы осындай қасиетке ие. Қолмен үйкесе, олар өзіне шаң мен қылшықтарды тарта бастайды. 1874 жылы инженер Александр Лодыгин «қыздыру шамын» ойлап тапты. Қыздыру қылы ретінде вакуумдық шыны баллонның ішіне орналастырылған көмір жіпшелер пайдаланылды. 1890 жылы Лодыгин көмір жіпшенің орнына сымды ойлап тапты.
Электр батареясының тағы бір аты – «гальваникалық элемент» (италиялық физиолог Гальванидың құрметіне осылай аталған). А.Вольт электр тогы түрлі металдар электрондарының арасында туындайтын химиялық үдерістерден пайда болатынын байқады. Батареяныңпайда болған күні 1880 жылдың 20 наурызы болып саналады.
Содан соң бірінші тапсырмаға қайтып оралу. Шаштың электрленуінің алдында не болғанын нақтылау. (Свитердің, тарақтың, баскиімнің шашқа үйкелуі.)