. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялықсәт:
- Қайырлы таң, көздерім!
-Ояндыңдар ма? (қабақтарын сипайды).
-Қайырлы таң, құлақтарым!
-Ояндыңдар ма? (құлақтарын сипайды).
-Қайырлы таң, қолдарым!
-Ояндыңдар ма? (қолдарымен шапалақтайды).
-Қайырлы таң, аяқтарым!
-Ояндыңдар ма? (аяқпен жерді тебу).
-Қайырлы таң, ұстазым!
-Мен ояндым!. (Күлімсіреп, күнге қолдарын созады)
Оқушылар орындарына отырады.
Өткенді пысықтау. - Балалар сендер қандай табиғат түрлерін білесіңдер?
(Жанды және жансыз.)
-Жанды табиғатқа не жатады?
-Жанды табиғатқа қатысты ең басты ерекшеліктер қандай
Сабақ ортасы
1.Ақпарат көздеріне нелерді жатқызамыз?
Ақпараттың түрлері
Адамның ақпаратты қандай ақпараттық арнамен қабылдауына байланысты, ол әртүрлі болады.
Мысалы, таңертең сағаттың шылдырын адам есту мүшесі – құлақпен қабылдайды. Ақпарат көзі қоңыраулы сағат болып табылады. Ал ақпаратты қабылдаушы – адам. Ақпарат ұйқыдан оянатын уақыт келгені туралы мәліметті жеткізіп тұр. Ақпараттың мұндай түрі естілетін ақпарат деп аталады. Сонымен, адамның қабылдау тәсілдері бойынша ақпарат көрінетін, естілетін, дәм сезу, иіскеу және сезу арқылы болып бөлінеді. Бір ақпараттың өзі әртүрлі бейнеленуі мүмкін: сан, мәтін немесе сурет түрінде. Мәселен, автотұрақтағы машиналардың саны 5 санымен, «бес» сөзімен жазылған мәтінмен және олардың суретін салу арқылы бейнелеуге болады . Яғни ақпарат тағы бейнелеу тәсілдеріне қарай да түрге бөлуге болады.
1 топр ------- интернет
2-топ--------газет,аудандық »Достық»газеті Әр топ слайд бойынша өз
3-топ --------жарнама тақырыптарын қорғайды.
.»Кестені толтыр» тапсырмасымен жұмыс
Сөз
аудармасы
Сөйлем құрау
жарнама
танымал
оқиға
Жұптық жұмыс
Сұрақтар: -Ақпарат құралдары дегеніміз не ?
-Қазақстан Республикасында ақпарат құралдары пайда болған ба?
-Сендер ақпарат құралдары туралы не білесіңдер?
-Сендер қандай ақпарат құралдарын көрдіңдер ?
-Ақпарат тағы қандай болуы мүмкін?
Қорытынды. -Бүгінгі сабақтан не білдіңдер?
-Сендер үшін не маңызды болды?
-Сабақтың басында айтылған мақсатымызға жеттік пе?
- Дене мүшелерінің барлығы сау болу үшін не істеуіміз қажет деп ойлайсыңдар?