3-бөлім : Заттар мен олардың қасиеттері. Су
|
Мектеп:
|
Мерзімі: 2-тоқсан
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып: 3
|
Қатысқандар:
Қатыспағандар саны:
|
|
Сабақ тақырыбы
|
Су қайда кездеседі?
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
3.3.3.4 - судың тіршілік үшін маңыздылығын түсіндіру
3.1.2.1 - ақпарат көзінің түрлерін анықтау
|
Сабақ мақсаттары
|
судың тіршілік үшін маңыздылығын түсіндіру;
• ауыз суды үнемді қолдану қажеттілігін түсіндіру;
• ақпарат көзінің түрлерін анықтау .
|
Бағалау критерийлері
|
мемлекеттік және ұлттық мерекелерді ажырата алады
|
Тілдік мақсаттар
|
Ауызсу,үнемдеу, тиімді пайдалану
|
Мектеп миссиясы мен мектеп пайымдауы және жаһандық азаматтықтың іске асуы
|
Судың адам үшін маңыздылығын біледі
|
Құндылықтарды дарыту
|
Жауапкершілікті ынтымақтастылық, қайырымдылық құндылықтарын дамыту
|
Пәнаралық байланыстар
|
Қазақ тілі және әдебиеті, математикапәндерімен байланысады.
|
АКТ
|
таныстырылым жасайды.
|
Алдыңғы меңгерілген білім
| Оқушылар судың қасиетін біледі. |
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақта жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
5 минут
|
Психологиялық дайындық.
Күлім қағып қолымды,
Бір, екі, үш деп соғайын.
Қарап тұрған көршіме,
Қолымды мен бұлғайын.
Жылы - жылы жүзбенен,
Маңдайынан сипайын.
Жылы - жылы сөзбенен,
Жүрегімді сыйлайын.
Ыстық алақаныммен,
Қолыңды бер қысайын.
Амандасып өзіңмен,
Құшақтап бір алайын
ОМ таныстыру судың тіршілік үшін маңыздылығын білесің
Миға шабуыл
3 шыны ыдысқа сүт, су, сұйық май әкеліп, осылардың ішінен суды табулары сұралады
- Қалай таптыңдар? (оқушы пікірін тыңдау)
Суды пайдалану
Оқушыларға жұппен немесе 3 адамнан шағын топтарға бірігіп, бірнеше суреттен жасалған коллажды талқылауды тапсыру. Олар коллаждағы суреттердің ұқсастықтарын анықтап, әр коллажға ат қоюлары керек. Оқулықтағы суреттер мен өз білімдеріне сүйене отырып, оқушылар «Су не үшін қажет?» деген сұраққа жауап береді.
Жауаптары
Су адамдар мен жануарларға ішу үшін, тамақ дайындау үшін, гигиеналық шараларды орындау үшін, киімдерді жуу, еденді тазарту, өсімдікті суару, шомылу үшін қажет. Өзендер, теңіздер мен мұхиттарда кемелер жүзеді. Суда жануарлар мен өсімдіктер тіршілік етеді. Судың көмегімен электр энергиясы өндіріледі.
|
|
Сабақ ортасы
33 минут
|
|