(МК, Ұ)Топырақ туралы бейнежазбаны тамашалау -Топырақ дегеніміз не?
-Топырақ жайлы не білдіңдер?
-Топырақтың неше түрі бар екен?
-Қай топырақ құнарлы?
/оқушылардың жауаптарын тыңдау, толықтыру/ (Ұ,Қ)Проблемалық сұрақ Бақылау арқылы табиғаттың көптеген сырын ұғынуға болады. Бірақ оның сырын зерттеу үшін бақылап қана қою жеткіліксіз, оған да тәжірибе жасау керек.
-Топырақтың құрамында не бар? //Оқушылар өз білген-көргендерін ортаға салады,оқушылардың жауаптарын тыңдау, толықтыру/ (ОТ,Қ)Зерттеу жасау. Сарамандық бөлім. Тәжірите жасау арқылы топырақтың құрамына енетін заттарды анықта.
1 -тәжірибе
Су құйылған стақанға бір уыс топырақ сал.
Топырақ суға түскенде нені көрдіңдер?
Қандай қорытынды жасауға болады?
Судың түбіне түскен топырақтың ішінен нелерді ажыратуға
болады?
Судың бетінде қалқып жүрген не?
Қандай қорытынды жасауға болады?
2-тәжірибе
Қ ағаз сүлгінің үстіне жарты уыс топырақ сеп.
Оны қағазға қаттылап қыс.
Топырақты су құйылған стақанға себе сал.
Қағаздың үстінде не көрінді?
Қандай қорытынды жасауға болады?
Қорытынды: Топырақ қарашіріктен, құмнан және саздан тұрады. Топырақта ауа мен ылғал болады.
Топтар бір-бірінің тәжірибе қорытындыларын салыстырып, дескрипторлар арқылы бағалайды.
Дескрипторлар: - бірінші тәжірибеге сүйеніп топырақтың құрамын (ауа, құм, саз, өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтары) анықтайды;
- екінші тәжірибенің негізінде топырақтың құрамында су болатыны туралы қорытынды жасайды.