(қ) Топырақтың түсі оның құрамына байланысты екенін түсінеді.
(Ж,Қ)Проблемалық сұрақ -Жанды табиғат тыныс алуы үшін не қажет?
-Жер астындағы жануарлар ауаны қайдан алады?
Жауабын жұпта талқылауға тапсырма беріңіз. Оқушылар жанды табиғат ауамен тыныс алатынын айтады.Оқушылар топырақтың құрамында ауа бар деген жауап айтады.
(ОТ,Т,Қ) 2-тәжірибе Мақсаты:Топырақтың ауа өткізгіштік қасиетін анықтау. Сазды топырақ пен қара топырақ салынған ыдысты алып салыстыру.
Сұрақ:-Қай топырақта ауа көп деп ойлайсыңдар?
-Неліктен олай ойлайсыңдар?
Қорытынды:Сазды топырақ қатты, ал қара топырақ борпылдақ.Сазды топырақта ауа аз, қара топырақта ауа көбірек. (ОТ,Т,Қ) 3-тәжірибе Мақсаты:Топырақтың су өткізгіштік қасиетін анықтау. Топтарға топырақ салынған ыдыстарға бірдей мөлшерде су құюды тапсыру.Судың топырақтан өтуіне кететін уақытты секундомер қосу арқылы анықтауға тапсырма беру.
Сұрақ:-Топырақтың қай түрі суды тез өткізеді?
-Қайсысы аз өткізіп, бойына сіңіріп қалған?
-Қайсысы мүлдем өткізбеген?
Оқушылар сұраққа жауап беру үшін зерттеу жүргізіп, бақылап, қорытынды жасайды. Нәтижесін жазады.
Қорытынды: Құмайт топырақ суды өте тез өткізеді, сазды топырақ суды өткізбейді, ал қара топырақ суды аз өткізіп, бойына жақсы сіңіреді.
Бейнежазба
Суреттер
Зерттеу жұмысына қажетті нұсқаулықтар мен қажетті құрал-жабдықтар
Сабақтың соңы
5 минут
Рефлексия
-Топырақ — өсімдік үшін қоректің көзі және баспана.
-Бүгінгі алған білімдеріміз өмірге қажет пе?
Өздерін бағалау «Табыс баспалдағы» арқылы өздерін бағалау.
Үйге тапсырма:Гүлдержді баптау барысында топырақты зерттеу, гүлдің өсуіне жағдай жасау.