(Қ)Кестемен жұмыс. Мақсаты: зерттеулер бойынша өз тұжырымын ұсыну.
Мұғалім оқушыларға жоғарыда толтырған кестенің үшінші бағанын толтыру қажеттігін айтады.
/Оқушылар жинақтаған мәлімет бойынша өз тұжырымдарын қорытып жазады, өзара «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша бағалайды /. Мұғалім оқушылардың дененің пішіні мен көлемі өзгерген кезде пайда болатын күш серпімділік күші екендігін туралы қорытынды жасағандығына қарап, оқушыларды ауызша түрде бағалайды.
(МК, Ж)«Анықта». Мақсаты: Әр түрлі денеге бірдей күш әсер еткенде серпімділіктің өзгерісін анықтау.
Тапсырма: Әр түрлі денелердің суреттерін бірдей күш әсер еткен кезде серпімділігінің артуына байланысты өсу ретімен орналастыр.
/Тапсырма орындалып болған соң, ұжыммен талқылау арқылы реттілікті анықтайды. Себебін түсіндіреді. Оқушылар өзін-өзі бағалайды, оқушылармен кері байланыс жасалады/.
(Ж) «Ойлы болсаң, тауып көр» Мақсаты: Күнделікті өмірде серпімділік күшінің білінуіне мысал келтіру.
Тапсырма: күнделікті өмірде серпімділік күшінің білінуіне мысал келтір.
Оқушылар жұпен бір-біріне мысал келтіреді.
Мұғалім ұжыммен бірнеше оқушыға мысал келтіріп, дәлелдеулерін сұрайды. Ұжыммен толықтырулар мен ұсыныстар енгізіледі.
(Қ) «Анықта» Мақсаты: денеге әсер етуші серпімділік күшін анықтау. Созған немесе қысқан кезде қай денелерде серпімділік күші пайда болады? Белгіле ().
/Тақтадағы дұрыс жауаппен тексереді, өзін-өзі «+», «-» әдісі бойынша бағалайды, кері байланыс жасалады/.
Слайд
Доп, резинадан жасалған ойыншықтар
серіппе
Слайд
Кесте
Ермексаз,
Доп
Қима қағаздар
Қима қағаздар
Сабақтыңсоңы
3 минут
-Сен бүгін не үйрендің?
-Саған бүгін ең маңызды болған нәрсе? Неге?
-Не туралы тағы да көбірек білгің келеді?
«Блоб ағашында» өзін –өзі бағалау