Сабақтың тақырыбы: Ғажайып мұра Бөлім: Ұлттың тарихи жәдігерлерін сақтау. Шешендік сөздер



бет4/9
Дата12.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#81926
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
қмж Қазақ тілі

Қысқамерзімді жоспар
7-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Өркениет бесігі

Бөлім:

Ұлттың тарихи жәдігерлерін сақтау. Шешендік сөздер.
Дөңгелек үстел. Сөз дәлдігі

Педагогтің аты-жөні:


Унгарова Гульзира Сарыбаевна





Күні:




Сыныбы: 11

Қатысушылар саны: 23 Қатыспағандар саны:2

Сабақтың тақырыбы:

Өркениет бесігі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

11.2.3.1. – таза ғылыми стильдегі мақаланың құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:
Тарихи мұралардың құндылығы туралы біледі.
Көпшілік оқушылар үшін:
Тарихи жәдігерлерді сақтау ісі және шетелдегі ұлттық тарихи-мәдени жәдігерлер жайлы біледі.
Кейбір оқушылар үшін:
Қазақ халқының өрениет көшіне қосқан үлесі жайында біледі.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7 мин.

І.Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу үшін «Өрмекшінің торы» әдісін пайдаланып, оқушылар бір- біріне жақсы тілектер айту арқылы жіпті лақтырады.
ә). Топта жұмыс жасау ережені еске түсіру.
б). Топтастыру.



Оқушылар мұғалімнің нұсқауы бойынша екі топқа бірігеді.
І-топ:
ІІ-топ
Топтың ережесі:

  1. ТҚЕ сақтау.

  2. Топ басшысына бағыну.

  3. Белсенді болу.

  4. Бір-бірін тыңдау, өз пікірімен ашық бөлісу, басқалардың пікіріне құрметпен қарау.

  5. Уақыт шегінде жұмыс жасау.




Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.



Тоқыма жіп



Жаңа сабаққа кіріспе



(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.
Сұрақтар:
1.Таңбалы таста бейнеленген «арба үстіндегі жауынгер» туралы естіп пе едіңіздер?
2. Қазақ даласын «Өркениет белгісі» деп атауға бола ма? Өз ойларыңды дәлелдеңдер?

Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет