Қысқамерзімді жоспар Сабақтың тақырыбы: Қазақстан халқы Ассамблеясы
№14-сабақ.
Бөлім:
ҮІІ бөлім. Қазақстандағы ұлттар достастығы. Морфология. (Еліктеуіш және бейнелеуіш сөздер)
Педагогтің аты-жөні:
Күні:
Сыныбы:
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:
Қазақстан халқы Ассамблеясы
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
7.2.6.1. Оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, зерттеп оқу.
7.4.4.2. Еліктеуіш сөздердің мәнін, мәтіндегі қолданысын түсіну.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар үшін: Оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, зерттеп оқи алады.
Көпшілік оқушылар үшін: Еліктеуіш сөздердің мәнін, мәтіндегі қолданысын түсіне алады.
Кейбір оқушылар үшін: Оқылым стратегияларын қолдана алады.
Құндылықтарға баулу:
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.