Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру,
өзін –
өзі тексеру
8 мин
|
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығуларымен өтеді.
Өткен тақырыпқа шолу:
-Үй тапсырмасын сұрау.
-Бір-біріңе өткен тақырыпқа байланысты сұрақтар қойып, жауап алыңдар.
Топқа бөлу «Таңдау» әдісімен сурет таңдау арқылы жүреді.
Жаңа оқу материалын жариялау «Броундық қозғалыс» әдісі:
- Түсті парақтарда берілген әріптерден қандай сөз, сөйлем құрастыруға болатынын анықтаңдар. (Ғарышкермен сұхбат)
-Қазақ ғарышкерлерінен кімдерді білесіңдер?
-Талғат Мұсабаевқа қандай сұрақтар қояр едіңдер?
-Қай сыныптасыңның сұрағы қызық болды?
-Олай болса, бүгінгі сабақта ғарыштық өмір туралы шығарманы оқимыз, түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты табамыз, тапсырмалар орындаймыз.
|
Жаттығу жасайды.
Топқа бірігеді.
Сұрақтарға жауап береді.
|
«Ауызша мадақтау» әдісі:
Жарайсың!
Тамаша!
Жақсы!
|
Әртүрлі сурет
Ғарышкермен, сұхбат сөздері
|
Жаңа білім
15 мин
2 мин
Бекіту
15 мин
|
(Ұ, Д) 1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісі:
А) Сөздікпен жұмыс.
Ә) Оқылым.
-Мәтінді түсініп, тізбектей дауыстап оқыңдар.
Саралаудың «Дереккөз» тәсілі жүзеге асады.
Кейбір оқушыға:
- Тоқтар Әубәкіров туралы тағы қандай мәлімет айта аласың?
Сергіту сәтінде қосылып ән айтады.
(Т) 2-тапсырмада «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісімен орындалады.
А) «Кинометафора» әдісі:
-Талғат Мұсабаевтың ғарыштағы бейнежазбасынан үзіндіні тамашалайық.
Ә) Сұрақ-жауап.
- ҒарышкерТалғат пен Тоқтардың армандарын салыстырыңдар.
-Т.Мұсабаевтың ерлігін сипаттайтын үзіндіні тауып оқыңдар.
-Ғарышкер Талғаттың ұшу кезіндегі бақытты сәтін тауып оқыңдар.
Сабақ басындағы «Сұрақтар тақтасына» тағы қандай сұрақтар қосар едіңдер?
Б) Қорытындылау.
Мәтіндегі ерекше әсер еткен бөлігін оқып беріп, ойларыңды түсіндіріңдер.
|
- Тапсырма орындайды.
Ән айтып сергиді.
-Тапсырманы орындап, өз пікірлерін білдіреді.
|
Дескриптор:
Сөздікті жазып, жаттайды-1балл.
- Мәтінді оқиды-2балл.
- Талғат пен Тоқтардың армандарын салыстырады-2балл.
Т.Мұсабаевтың ерлігін сипаттайтын үзіндіні тауып оқиды-1балл.
Талғаттың ұшу кезіндегі бақытты сәтін тауып оқиды-1балл.
- «Сұрақтар тақтасына» тағы қандай сұрақтар қосатынын айтады- 1балл.
- Мәтіндегі ерекше әсер еткен бөлігін оқып, ойын түсіндіреді-2балл.
|
«Әде-
биеттік оқу» оқулығы
3-бөлім
4 сынып 2019ж
|
Қорытын-ды
5 мин
|
Кері байланысты «Үш қадамдық сұқбат» әдісі арқылы береді.
Мұғалім оқушылар жауабын талдап, өз қалыптастырушы бағасын қояды.
Оқу тапсырмасы: мәтінді оқып, мазмұндау.
|
Сабақтан түйген ой-пікірін айтады.
|
ҚБ қойылады.
|
|