Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
1.Массасы 72 грамм екі валентті металл фосформен әрекеттескенде 134 гр металл фосфиді түзілді. Реакцияға қатысқан металды анықта.
2. Массасы 3,55 гр фосфор (Y) оксидін алу үшін реакцияға түскен фосфордың массасы қанша?
3. 85 грамм фосфор оттекпен әрекеттескенде түзілетін фосфор (Ү) оксидінің массасын есепте.