Сабақтың тақырыбы: Функция ұғымы және оның берілу тәсілдері



бет1/4
Дата21.09.2023
өлшемі81,41 Kb.
#109559
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
d183d0b3d18bd0bcd18b





Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Асусай орта мектебінің математика пәні мұғалімі
Сулейменова Макен Қанағатқызы
Сабақтың тақырыбы: Функция ұғымы және оның берілу тәсілдері.
Сыныбы: 10-сынып
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға функция ұғымы оның анықталу облысы мен мәндер жиыны, функцияның графигі, берілу тәсілдері (кестелік, графиктік және аналитикалық) бойынша білім, білік, дағдыларын дамыту. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, өз бетімен еңбектену сезімдерін, білімдерін дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа теориялық материалды меңгерту
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, жеке, жұмыс.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Жаңа материалды меңгерту
ІІІ.Есеп шығару
ІҮ.Бекіту
Ү. Қортындылау.
ҮІ. Бағалау.
ҮІІ. Үй тапсырмасы. §1.№10;№13;№20.
Жаңа материалды меңгерту
Математикалық маңызды және күрделі ұғымдардың бірі – функция ұғымы. Сендер 7-9 сыныптардағы алгебра курсынан элементар функциялармен таныссыңдар. Енді функция ұғымын тереңірек қарастырамыз. Алдымен функция ұғымына қатысты шамалардың түрлеріне тоқталайық. Шамалар тұрақты және айнымалы болып екіге бөлінеді. Тұрақты шамалар абсолют тұрақты және параметр, айнымалылар тәуелді және тәуелсіз болып бөлінеді.
Анықтама. Кез келген жағдайда, тек қана бір сандық мәнді ғана қабылдайтын шаманы абсолют тұрақты шама деп атайды.
Мысалы, кез келген үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 1800-қа тең.
Анықтама. Берілген жағдайда ғана тұрақты, толық анықталған сандық мәнін сақтайтын тұрақты шаманы параметр деп атайды.
Анықтама. Әртүрлі сандық мәндер қабылдайтын шаманы айнымалы шама деп атайды.
Мысалы, маятниктің тербеліс периодының формуласы , мұндағы π және 2 сандары – абсолют тұрақтылар, g (еркін түсу үдеуі) – параметр, – тәуелсіз айнымалы, Т – тәуелді айнымалы.
Енді функция ұғымының анықтамасын берейік.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет