Зерттеу сабағына өзіндік талдау
Мекеме: Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі
Оқытушы: Баймаханова Ләззат Алғибайқызы
Пәні: Математика
Топ: МКБ 22-9
Сабақтың тақырыбы: Функция және оның берілу тәсілдері
Мен өз тәжірибеме Сабақты зерттеу үдерісінен сабаққа мұқият жоспар құруды үйрендім. Зерттеу сұрағымыз «Функция туралы түсінікті қалыптастыру жолдары, оның берілу жолдарын қалай меңгерту және графикте қалай қолданады?» болғандықтан, жоспар құруда зерттеу сұрағын үнемі басшылықта ұстадым. Жағдаяттық тапсырмаларды қолдандым. 1-ші зерттеу сабағының тақырыбы «Функция және оның берілу тәсілдері» болды.
Сабақтың мақсаттарын былайша анықтадым:
-функция анықтамасын және берілу тәсілдерін білу;
- функция графигіне түрлендірулер орындай алу (параллель көшіру, сығу және созу);
-топтаса бір – бірімен көмектесе жұмыс жүргізуге дағдыланады.
Сабағымды өз деңгейінде өту үшін бірнеше әдіс тәсілдерді қолданып, «Миға шабуыл!» бейнеролик көрсеттім, сабақ тақырыбын анықтап, сабақ мақсатын өздерінің қоюына ықпал еттім.
Студенттер алдарында тұрған түрлі-түсті конфеттер бойынша бір түске топтасып, әр топ топ басшысын сайлап алуына ықпал жасадым.
Үй тапсырмасын сұрау барысында «Бір минут» әдісін қолдандым. Бұл әдіс студенттерге оқылған материалдан түйінді, басты ақпаратты іріктей білу дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі, сондай-ақ белсенді тыңдау дағдысын дамытады. Топқа қарап «Ыстық» орындық қойылады. Орындықта отырып студент бір минут ішінде бірнеше сұрақтарға жауап беріп бағаланды.
Жаңа сабақты түсіндіру барысында «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісін қолданып студенттердің алдына тапсырма беріп, әр топ берілген тапсырмаларын өз деңгейінде қорғап шықты.
Сәтті болған тапсырма «Үйрете отырып-үйренемін» әдісі арқылы білім алушылар тілші рөлін алып, адамды тәрбиелеу туралы түсініктерін анықтағаны. Мұнда тілші рөлін әлсіз студенттеріме ұсындым. Студенттер үлкен қызығушылықпен орындап шықты. Осы тапсырманы бағалауым сәтті шықты.
Сабақ барысында «Зейінді шоғырландыру» сергіту сәтін ұйымдастырдым. Студенттер оқытушы айтқан реттілікпен суреттерді сала отырып, соңында өздері салған суретке қарап, зейіндерінің қаншалықты шоғырланғанын анықтады.
Сабақтан кейінгі студенттермен сөйлескенімде, бүгінгі сабақтың ерекше өткенін, тапсырмалардың бәрі ойнап жүріп оқуға үйретерлік болғанын атап өтті. Осыдан мен әрқашан тақырыпқа сай тапсырмаларды жағдаятқа негіздеп беруім қажет деп түйін жасадым.
Сабақты қорытындылау кезеңінде «Ромб» әдісін қолданып, өз ойларын қағаз бетіне түсіріп, ромб формасына орналастырып шықты. Қабілетті студенттердің көмегімен бұл қорытындылау сәтті шықты.
Сабақтан кейінгі бірлескен талдау кезінде әріптестерімнен алған кері байланыстарым мен үшін тиімді болды. Өз сабағымды жақсартуға шабыттандым. Мен топтық жұмысты дұрыс ұйымдастыру стратегияларын таңдауда қиналмаймын, тапсырмалардың орындалуын бақылау мен бағалаудың тиімді жолдарын қарастыру мен үшін оңай әрі тиімді.
Оқытушы: Баймаханова Л.А.
Достарыңызбен бөлісу: |