Зерттеу сабағына өзіндік талдау Мекеме: Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі
Оқытушы: Баймаханова Ләззат Алғибайқызы
Пәні: Математика
Топ: РБ 22-9/2
Сабақтың тақырыбы: Туындының анықтамасы.Туындыны табу ережелері.
Мен өз тәжірибеме Сабақты зерттеу үдерісінен сабаққа мұқият жоспар құруды үйрендім. Тапсырмалар оқушылардың талдау және салыстыру дағдыларын дамытатын,болғандықтан, жоспар құруда зерттеу сұрағын үнемі басшылықта ұстадым. Жағдаяттық тапсырмаларды қолдандым. 2-ші зерттеу сабағының тақырыбы: Туындының анықтамасы.Туындыны табу ережелері.
Сабақтың мақсаттарын былайша анықтадым:
-тұрақты функцияның және дәрежелік функцияның туындыларын табу;
-дифференциалдаудың ережелерін білу және қолдану
Сабағымды «Туынды» сөзіне түсінік беру үшін түрлі мысалдар келтірдім. Сабақ тақырыбын анықтап, сабақ мақсатын өздерінің қоюына ықпал еттім. Содан кейін - функция туындысының анықтамасын біледі және анықтама бойынша функцияның туындысын табуды, дифференциалдаудың ережелерін біледі және қолдануға түсінік бередім. АКТ ресурстарын қолдануым студенттерімнің сабаққа қызығушылығын арттырды. Бұл тапсырма оқушылардың сабақ мақсатына қол жеткізуі үшін тиімді болды.
Сабақта жекелеген студенттердің үйренуі үшін жеке жұмыс жүргіздім. Туындыны табу ережелерін алу үшін пайдаланылатын қасиеттерін пайдаланып талдау дағдысын дамытатын тапсырма бердім. Бақылаудағы студенттерімнің осы тапсырманы орындауын бақыладым, студенттер бірден игере алды.
Сәтті болған тапсырма «Туынды әлеміне саяхат» әдісі арқылы білім алушылар формулаларды пайдаланып есептер шығаруды меңгеріп анықтамаларын анық және нақ орындағаны.Нақты нұсқау берілмегендіктен, студенттер бағалауға жауапкершіліксіз болды.
Сабақтан кейінгі студенттермен сөйлескенімде, бүгінгі сабақтың ерекше өткенін, тапсырмалардың бәрі ойнап жүріп оқуға үйретерлік болғанын атап өтті. Осыдан мен әрқашан тақырыпқа сай тапсырмаларды жағдаятқа негіздеп беруім қажет деп түйін жасадым.
Зерттеу дағдыларын дамыту мақсатында «Туындының анықтамасы.Туындыны табу ережелері» мазмұндағы «Түртіп алу» әдісі арқылы топтық тапсырма қолдандым. Бұл тапсырманың орындалу барысын қадағалап, барлығының атсалысуына көмектесіп жүрдім. Топтық таныстырылымдарын «Алғыр», «Белсенді», «Топ жаршысы» деген мадақтаулар арқылы формативті бағаладым.
Сабақты қорытындылау кезеңінде жұптық жұмыс: «Insert» түртіп алу стратегиясы бойынша кесте толтырады тақырыптың дамуы бойынша жоспар құру тапсырмасын үштікте орындады. Қабілетті оқушылардың көмегімен бұл қорытындылау сәтті шықты.
Сабақтан кейінгі бірлескен талдау кезінде әріптестерімнен алған кері байланыстарым мен үшін тиімді болды. Өз сабағымды жақсартуға шабыттандым. Мен топтық жұмысты дұрыс ұйымдастыру стратегияларын таңдауда қиналамын, тапсырмалардың орындалуын бақылау мен бағалаудың тиімдіжолдарын қарастыру мен үшін оңай тимейді. Келесі сабақтарымда осы кедергілерімді жеңуді көздеп отырмын.
Оқытушы: Баймаханова Л.А