Сабақтың тақырыбы: Функция және оның берілу тәсілдері


Зерттеу сабағына өзіндік талдау



бет3/3
Дата29.06.2023
өлшемі22,64 Kb.
#103718
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Баймаханова Талдау

Зерттеу сабағына өзіндік талдау
Мекеме: Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі
Оқытушы: Баймаханова Ләззат Алғибайқызы
Пәні: Математика
Топ: МДТ 22-9/1
Сабақтың тақырыбы: Пирамиданың және оның элементтері,түрлері.Пирамиданың жазбасы,бүйір және толық бетінің ауданы

Психологиялық жағымды ахуал туғызу үшін «Үлкен шеңбер» әдісін пайдаланып, студенттер бір- біріне жақсы тілектер айту арқылы жақсы көңіл күй сыйлады.Сабақтың мақсаттарын былайша анықтадым:
- Пирамида және оның элементтерінің анықтамасын, түрлерін, пирамиданың жазбасын, бүйір және толық бетінің аудандарын есептеу формуласын білу;
бүйір және толық бетінің аудандарын есептеу формуласын есеп шығаруда қолдана алу
Сабағымды «Пирамида» сөзіне түсінік беру үшін түрлі мысалдар келтірдім. Сабақ тақырыбын анықтап, сабақ мақсатын өздерінің қоюына ықпал еттім
Сабақта жекелеген студенттердің үйренуі үшін жеке жұмыс жүргіздім. Ия мен жасаған саралау тапсырмаларым тиімді болды, студенттер мәтінмен жұмыс жасай отырып кестені толтырды,
Қабылдауы жоғары остуденттер оқиғаларды кестеге салып талдады және саралады ,ал деңгейі төмен студенттерге жетелеуші сұрақтар қойдым. Сәтті болған тапсырма «Ойлан жұптас бөліс»әдісі арқылы білім алушылар формулаларды пайдаланып есептер шығаруды меңгеріп анықтамаларын анық және нақ орындағаны.Нақты нұсқау берілмегендіктен, студенттер бағалауға жауапкершіліксіз болды.
Сабақтан кейінгі студенттермен сөйлескенімде, бүгінгі сабақтың ерекше өткенін, тапсырмалардың бәрі ойнап жүріп оқуға үйретерлік болғанын атап өтті. Осыдан мен әрқашан тақырыпқа сай тапсырмаларды жағдаятқа негіздеп беруім қажет деп түйін жасадым.
Зерттеу дағдыларын дамыту мақсатында «Өрмекші әдісі» (постерде) студенттер бірін-бірі бағалайды деген мадақтаулар арқылы формативті бағаладым.
Сабақты қорытындылау кезеңінде жұптық жұмыс: «Insert» түртіп алу стратегиясы бойынша кесте толтырады тақырыптың дамуы бойынша жоспар құру тапсырмасын үштікте орындады. Қабілетті оқушылардың көмегімен бұл қорытындылау сәтті шықты.
Сабақтан кейінгі бірлескен талдау кезінде әріптестерімнен алған кері байланыстарым мен үшін тиімді болды. Өз сабағымды жақсартуға шабыттандым. Мен топтық жұмысты дұрыс ұйымдастыру стратегияларын таңдауда қиналамын, тапсырмалардың орындалуын бақылау мен бағалаудың тиімдіжолдарын қарастыру мен үшін оңай тимейді. Келесі сабақтарымда осы кедергілерімді жеңуді көздеп отырмын.
Оқытушы: Баймаханова Л.А

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет