Қысқамерзімді жоспар Сабақтың тақырыбы: Күкірт қышқылы және оның тұздары.
№5 практикалық жұмыс «Сұйылтылған күкірт қышқылы ерітіндісі және оның тұздарының химиялық қасиеттерін зерттеу»
Бөлім:
9.3А 17 (VII), 16 (VI), 15 (VI), 14 (IV) -топ элементтері және олардың қосылыстары
Педагогтің аты-жөні:
Күні:
Сыныбы:
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:
Күкірт қышқылы және оның тұздары.
№5 практикалық жұмыс «Сұйылтылған күкірт қышқылы ерітіндісі және оның тұздарының химиялық қасиеттерін зерттеу»
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
9.2.1.14-күкірт қышқылы ерітіндісі мен оның тұздарының физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеу
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар үшін:
Күкірт қышқылы ерітіндісі мен оның тұздарының физикалық қасиеттерін анықтайды
Көпшілік оқушылар үшін:
Күкірт қышқылы ерітіндісі мен оның тұздарының физикалық қасиеттерін анықтайды.
Кейбір оқушылар үшін:
Сұйылтылған күкірт қышқылы ерітіндісін дайындайды.
Құндылықтарға баулу:
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.