Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
1-7 мин
|
Белсендіру .
«Ыстық орындық» ойыны ойналады.Оқушы тақтаға артымен қарап орындықта отырады.Презентация арқылы берілген сөздерді оқушы көрмейді.Сыныптастарының кілт сөздерді айтуы бойынша жазылған сөздерді анықтауы керек. Сыныптастары жазылған сөздерді айтпайды.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтап,оқушылармен бірлесе бағалау критерийлерін анықтау
|
Презентация
|
Сабақтың ортасы
5 мин
|
Жаңа сабақты игеру.
Жеке жұмыс. «Дұрыс», «бұрыс» әдісі.
Оқушылар жаңа сабақ бойынша кестені толтырады.
Тұжырым
|
Дұрыс
|
Бұрыс
|
Галогендердің сыртқы қабатында 7 электрон
|
|
|
Галоген молекуласындағы байланыс ковалентті полярлы
|
|
|
Галогендердің тотықтырғыш қасиеті жоғарыдан төмен азаяды
|
|
|
Галогендердің кристалдық торы молекулалы
|
|
|
Қайнау және балқу температуралары жоғарыдан төмен жоғарлайды.
|
|
|
Жауап бойынша өздерін тексеру.Жұмыстың қорытындысы бойынша кері байланыс беру.
Жұптық жұмыс.Галогендердің атомдық құрлысы.
Оқушылар фтор және хлор молекулалары үшін «нүкте және айқыш» диаграммасын салу керек.Ұқсастық пен айырмашылығын салыстыру.Нәтижелерін талдап.кері байланыс ұсыну.
Физикалық қасиеттері.
Оқушыларға иод сублимациясы бойынша видео көрсетіледі.Иодтың металдық жылтырына мән беру керек.
Сублимация (возгонка) – қатты күйден бірден газ күйіне ауысуы.Кері үрдіс десублимация.
Галогендердің физикалық қасиеттері.
Қасиеттері
|
F
|
Cl
|
Br
|
I
|
At
|
Реттік нөмірі
|
9
|
17
|
35
|
53
|
85
|
Салыстырмалы атомдық массасы, м.а.б
|
18,998
|
35,453
|
79,904
|
126,90
|
209,99
|
Валенттік электрондары
|
2s2 2p5
|
3s2 3p5
|
4s2 4p5
|
5s2 5p5
|
6s2 6p5
|
Атом радиусы, нм
|
0.064
|
0.099
|
0.114
|
0.133
|
-
|
Салыстырмалы электртерістігі
|
4.10
|
2.83
|
2.74
|
2.21
|
1.90
|
Физикалық күйі
|
Ашық жасыл газ
|
Сары жасыл газ
|
Қызыл қоңыр сұйық
|
Қара күлгін крист.
|
Қара көкшіл крист.
|
Балқу температурасы, Со
|
-219,6
|
-101,0
|
-7,3
|
113,6
|
227
|
Қайнау температурасы, Со
|
-188,1
|
-34,1
|
59,2
|
185,5
|
317
|
Кестені талдау нәтижесі бойынша оқушылар физикалық қасиеттері бойынша қорытынды жасайды.
Жеке жұмыс:
1.Галогендердің химиялық қасиеттеріне сай мүмкін болатын реакция теңдеулерін аяқтаңыз:
Күн сәулесі әсерінен хлор сутекпен қопарылыс түзе әрекеттеседі:
A H2 + Cl2 = ___________________
B 2Sb +5 Cl2 = __________________
C Cu + Cl2 = ____________________
D 2Fe + 3Cl2 = __________________
E Na + Cl2 = ____________________
К H2O + Cl2 = ____________________
Слайдтан дұрыс жауаптары көрсетіледі, сол бойынша өзінің білімін «Басбармақ» арқылы бағалайды.
2.Хлорсутек, тұз қышқылы және хлоридтер. HCl – өткір иісті, тыныс алу жолдарын тітіркендіретін газ. Ауадан 1,26 есе ауыр. Суда жақсы ериді. Оның судағы ерітіндісі тұз қышқылы деп аталады.
І. Төменде берілген заттармен тұз қышқылының әрекеттесу реакция теңдеулерін жазыңыз
A металл мырышпен
B магний оксидімен
C натрий гидроксидімен
D күміс нитратымен
3.Өзгерісті жүзеге асырыңыз:
А NaCl → Cl2 → HCl → AgCl
В NaCl → Cl2 → HCl → Cl2 → FeCl3
Өзара тексеріс жүргізе отыра өқушылар өзара бағалау жүргізеді.
|
Видео «Возгонка йода»
https://youtu.be/Q6G45_UiC3w
https://www.youtube.com/watch?v=uBJ7e2HlgKM
https://www.youtube.com/watch?v=RmzONPQQe-A
жұмыс парағы
|
Сабақтың соңы
|
Рефлексия
Мен бүгін қандай сұраққа
жауаптар таптым...
|
Қандай табысты іс -әрекеттер
жасадым...
|
Менің жауабы табылмаған
сұрақтарым...
|
Менің бүгінгі жетістігім …
|
Менің сабақтан алған әсерім ...
|
|
|
|
|
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
Барлық оқушылар:
Галогендердің физикалық және химиялық қасиеттерін біледі, қарастырылмаған галогендердің физикалық қасиеттерді болжай алады
Кейбір оқушылар:
Галогендердің физикалық қасиеттері біртекті емес екендігін түсінеді, өзгеру заңдылықтарын түсіндіре алады
|
Оқушылардын сабақта жасаланатын жұмысы бойынша бағаланады. Бір бірін бағалау
|
Қауіпсіздік техника ережелерін сақтап, зертханалық жұмысты орындайды.
Денсаулық физикалық активити арқылы сақталады
|
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?
Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
|
Бұл бөлімде сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
|
|
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
1:
2:
|