Барлық заттар көзге көрінбейтін өте кіші бөлшек-атомдардан тұрады.

1
Атом дегеніміз-химиялық реакциялар кезінде заттың бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі.
2
Бұл терминнің негізін салушы-грек ғалымы Демокрит(б.з.б. 460-370)
3
Ол кез-келген затты ұсақтап бөле отырып,ең соңында бөлінбейтін бөлшек атомды алуға болады деді. Грек тілінен аударғанда атомос-бөлінбейтін деген мағынаны береді.
Молекула (лат. moles – масса)– жай немесе күрделі заттың негізгі химиялық қасиеттерін сақтайтын және өздігінен өмір сүретін ең кіші бөлшек. Молекула атомдардан тұрады.

Молекула ұғымы ғылымға 1860 ж. енгізілген. Ал тәжірибе жүзінде 1906 ж. француз ғалымы Жан Перрен броундық қозғалысты зерттеу кезінде дәлелдеген.
Сонымен кез-келген дене немесе зат атомдар мен молекулалардан тұрады. Физикада кең қолданылатын зат,дене және материя ұғымдары бір-бірімен тығыз байланысты.

Дене деп нақты көлемі мен пішіні бар нәрсені айтады.
Зат деп денелерді,атомдар мен молекулалардан тұратын барлық нәрселерді айтады.
Материя деп дүниедегі барлық нәрсені айтады.
Заттар да,денелер де,әртүрлі өрістер мен сәулелер барлығы материяға жатады
Денелердің атомдары мен молекулаларының арасындағы бос кеңістікке басқа заттардың атомдары мен молекулалары еніп орналаса алады.Яғни, бір заттың молекулаларының арасындағы кеңістікке екінші заттың атомдары мен молекулаларының өтуін диффузия деп атайды.