Географиялық терминдермен жұмыс жасау арқылы академиялық тіл дағдыларын дамыту. Жазба жұмыстарын орындау арқылы жазылым дағдыларының дамуы. Нәтижесін сыныпқа оқу, сұрақтарға жауап беру арқылы айтылым дағдыларының дамуы. Мәтінмен жұмыс жасау арқылы оқылым, айтылым дағдыларының дамуы.
Лексика және терминология геоэкономика,
шаруашылық салалары,
экономикалық даму көрсеткіші,
экономикалық даму деңгейі,
әлеуметтік-экономикалық география
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер Геоэкономиканың басты мақсаттары ...
Геоэкономиканың негізгі категориялары ... болып табылады.
Дүниежүзілік шаруашылық салаларын орналастыру ... факторларға байланысты.
Дүниежүзі елдері экономикалық даму деңгейі бойынша ..... топтарға жіктеледі.
Қалыптастыратын құндылықтар Ғаламдық азамат
Оқушылар жұптық, топтық жұмыс жасау арқылы бірін-бірі сыйлауға, құрметтеуге, тыңдауға үйренеді. Жер біздің ортақ үйіміз. Оны қорғау, аялау, сүю, оның ресурстарын үнемдеу әр азаматтың міндеті екенін айту.
Жерде болып жатқан құбылыстардың барлық адамзат үшін ортақ екенін айту арқылы ғаламдық азаматты тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс
Экономика
АКТ қолдану
Оқушылар АКТ қолданып, мәліметтерді іздейді, ақпаратты өңдейді.
Қауіпсіздік ережелері
Денсаулық сақтау және қауіпсіздік ережелерінің сақталуын тексеру. Денсаулықты және қауіпсіздікті тексеру – оқушыларға практикалық сабақтар кезінде сыныпта тәртіп сақтау қажеттілігі жөнінде ескерту керек.
Алдыңғы білім
Негізгі мектепте 8 сыныптағы – табиғат ресурстарын пайдалану және 9 сыныптағы - экономикалық география тараулары арқылы экономикалық географияның қарапайым салаларын меңгерген. Оқушылар табиғи ресурстардың потенциалы ұғымын біледі, бағалай алады, табиғат ресурстарының пайдалану жолдарын анықтайды, табиғи ресурстарының потенциялын бағалай отырып елдердің тұрақты даму көрсеткішін талдай алады. Ғылыми техникалық ревалюция ұғымын біледі, ҒТР дың даму үрдісін түсіндіре алады. Адам капитал сапасының көрсеткіштерін қолдана отырып, талдау жүргізе алады. Дүниежүзілік шаруашылықты орналастыру заңдылықтарын сипаттайды, орталықтарын картада көрсете алады. Себеп салдарын талдайды. ЖІӨ және ЖҰӨ ұғымдарын біледі, ажырата алады.