Сабақтың тақырыбы География ғылымының салалары



бет93/195
Дата23.09.2024
өлшемі32,4 Mb.
#145236
түріСабақ
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   195
Байланысты:
КМЖ 8 сынып жана

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Қызығушылықты ояту үшін миға шабуыл.
Жұпта тақырыпқа ену үшін мақалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді:
1. Ертіс өзенінің Қазақстан жеріндегі ұзындығы?
2. Қазақстан аумағында неше өзен бар?
3. Жазықтарда өзен торлары оңтүстіктен солтүстікке қарай арта ма, кеми ме?
4. Қазақстанның ең ірі өзені?
5. Қар – мұздық типімен қандай аймақтың өзендері қоректенеді?
6. Өзеннің су қимасымен бір секунд ішінде ағып өтетін су мөлшерін не дейміз?
7. Ертіс – Қарағанды каналын не мақсатта салды?
8. Қазақстандағы ең лайлы өзен?
9. Қазақстанның су энергетикалық ресурстарға бай өзені?
10. Қарағанды облысы өзендерін ата?
Берілген мақалдың астарлы мағынасы қандай деп ойлайсыз?
Мақалдың мәніне өмірден мысал келтіре аласыз ба? Қандай?
Сіз осы мақалдың мәнімен келісесіз бе, келіспейсіз бе? Неге?
Оқу мақсатымен, тілдік мақсатпен танысады;
Жетістік критерийлерін болжайды;
Жетістік критерийлерімен және дескрипторлармен танысады

Оқушы өз жұбын табады
Әдіс арқылы қайталау
Сұрақ жауап орындайды

Қол шапалақ

Слайд 6-7
Дидактикалық материалдар №1



Ортасы

Өзен бөліктері.
Бастауы- өзен ағып шығатын жер.
Сағасы- оның құяр жері.
Атырау- өзен сағасына жинақталып, тармаққа бөлінуі.
Аңғар- өзен бастауынан сағасына дейінгі әрі кең әрі ұзынша ойыс алқап.
Жайылма – аңғардың өзен тасығанда су басатын бөлігі.
Өзен ағысы: жоғары- бастауына жақын, орта- екеуінің аралығы, аяғы- саға жағы.
Өзен жағасы: оң, сол.
Жүйесі- өзеннің барлық салаларымен бірігіп қосылуы.
Өзен алабы- өзен және оның салалары су жинайтын жер.
Өзендер: - таулы жер өзендері;
-жазық жер өзендері.
Өзен барлық салаларымен бірігіп өзен жүйесін құрайды.
Өзенге және оның салаларына су ағып келетін жердің бәрі өзен алабына жатады.
Өзен алқаптарын бір-бірінен бөліп жататын қыраттарды суайрықтар деп атайды.
Өзен арнасындағы қатты жыныстарды шоңғалдар деп атайды.
Жартас өзен арнасын кесе көлденең алып жатса,су одан төмен қарай құлай ағып сарқырама жасайды.Мысалы.Анхел — 1054 м,Ниагара,Виктория,т.б.
Өзен суы мөлшерінің жыл ішінде өзгеруі ерекшелігін өзеннің режимі дейді.
2)Өзен ағысының бағыты мен жылдамдығы сол өзен ағып өтетін жер бедеріне байланысты.Мысалы ,Жоңғар алатауынан басталатын Қаратал өзені бас жағында тар шатқалды бойлап ағады.Таудан шыққан соң,өзен құмды жазықты басып ағады.Көлге жақындаған сайын өзеннің аңғары кеңейіп,ағысы баяулайды.Содан соң жайылып бірнеше тармақтарға бөлініп барып,Балқаш көліне құяды.
Тау өзендері беткейлері тік,жартасты тар аңғармен ағады.Мұндай тар аңғарды шатқал деп атайды.
Жазық жерлермен ағатын өзендер ағысы баяу келеді.Ондай өзендерге – Іле,Сырдария,Жайық,Есіл,Нұра жатады.
3)Өзен аңғарының кей жерлерде қопсыған ,жұмсақ құм,саз жыныстарынан тұрады.Ондай жұмсақ тау жыныстарынан тұратын жерді өзендер біркелкі шайып отырады.Ал кей жерлерде қатты кристалдық тау жыныстары кездеседі.Олар кейде судың бетіне шығып жатады,Осындай өзеннің арнасындағы қатты жыныстарды шоңғалдар деп атайды.
Су шоңғалдардың үстінде ақ көбік шашып, сарқырай ағады.Өзен су тек шоңғалдардан өткеннен кейін ғана баяулап ,қайтадан бір қалыпты аға бастайды.Егер жартас өзен арнасын кесе –колденең алып жатса,су одан төмен қарай құлай ағып Сарқырама жасайды.
Жер шарындағы ең биік сарқырама- Анхель, ол Оңтүстік Америкадағы Ориноко өзенінде.Оның биіктігі 1054 м. Екінші биік сарқырама – Африкадағы Замбези өзеніндегі Виктория, онда су 120 м биіктіктен құлап ағады.
Ал дүние жүзіндегі ең ірі сарқырамалар жүйесі Игуасу каскадтары болып табылады.Оның ені 2700 м,биіктігі 72 м. Онда 275 бөлек сарқырама бар. Ол Оңтүстік Америкадағы Бразилия мен Аргентина шекарасында орналасқан.
 4)Өзендерге жер асты сулары,мұздықтар, жаңбыр,еріген қар суы қосылады.Бұл су көздерінің әрқайсысының үлесі өзенге су жиналатын алаптың климат ерекшеліктеріне тікелей байланысты.
Экватор маңынағы өзендердің молғуында жаңбыр суы басты орын алады. Оларға суы аса мол Амозонка мен Конго өзендері жатады (аталған өзендерді картадан табыңдар).Алабына жаңбыр барлық маусымда бір қалыпты жауатындықтан, бұл өзендердің деңгейі жыл бойы өзгермейді.
Қыста қар тұрақты жататын аймақтардағы өзендердің негізінен қар суы мен молығады.Биік тау басындағы мәңгі қар мен мұздықтардың етегінен басталатын өзендер сол еріген қар мен мұздың суымен молығады.
Өзендегі судың мөлшері жыл ішінде өзгеріп отырады.Ол өзеннің молығу сипатымен тікелей байланысты.Мәселен,қыстай жиналған қардың еріген суымен молығатын жазық жердің өзендері –көктемде, ал басын тау басындағы қар мен мұздың еріген суынан алатын өзендер жазда тасиды. Судың тасуынан тасқынды айыра білу керек.
Су тасуы — деп жыл сайын белгілі бір маусымында қайталанып отыратын өзендегі су мөлшерінің едәуір көбейуін айтады. Бұл кезде өзен арнасынан ұзақ уақытқа шығып жайылады.
Ал өзендегі су деңгейінің кенет көтерілуін —тасқын дейді.Тасқын нөсер жаңбырдан немесе таудағы қар мен мұздың күрт еруінен пайда болады.
Жазғы қуаң кезде өзен едәуір тайыздайды.Өзендегі судың ең төменгі күйін өзеннің сабасына түсуі деп атайды.Өзен суы мөлшерінің жыл ішінде өзгері ерекшелігін өзеннің режимі дейді.
Республиканың жазық бөлігінің өзендерінің қоректенуіне қарай қар-жаңбыр суымен және басым қар суымен қоректенетін өзендер деп екі типке бөлуге болады.
Қар-жаңбыр суымен қоректенетін өзендерге орманды дала,дала зоналарының өзендері жатады.Басты өзендері –Есіл,Тобыл.Бұл өзендер көктемде тасиды,сәуір-мамыр айларында жылдық ағынның 50%-ы ағып өтеді.Өзендер суды алдымен еріген қардан,кейін жаңбыр суынан алады.Өзен суңының деңгейінің ең төмен кезі қаңтар айында байқалады,бұл кезде олар еспе суымен қоректенеді.Негізінен қар суынан қоректенетін өзендердің ағыны түгелге жуық көктемге келеді.Бұл қоректену типіне шөлейт және шөл зоналарының өзендері-Нұра,Жайық,Сағыз,Жем,Торғай және Сарысу жатады.Өзендің деңгейі толық кезеңі көктемнің бірінші жартысында байқалады.Өзендер негізінен қар суымен қоректенеді.Көктемгі қар ерігенде өзен ағыны күрт көтеріледі.
Өзен деңгейінің ең төмен кезеңі жаз айларында болады.Кейбіреулері мүлдем тартылып қалады.Күздегі жаңбырдан өзен деңгейі аздап көтеріліп,қыста қайта төмендейді.
Қазақстанның биік таулы бөлігінің өзендері қар суымен және мұздықтар мен қоректенетін типіне жатады.Бұған Сырдария,Іле,Қаратал және Ертіс өзендері кіреді.Бұл өзендердің деңгейі көктемде,Алтай тауының өзендері кіреді(Ертіс) көктемнің 2жартысы мене жазда тасиды..Бірақ қардың бір мезгілде ерімеуіне байланысты Сырдария өзеннінің су тасуы ұзаққа созылады.
Тянь-Шань,Жетісу Алатауы өзендері көктем мен жазда,яғни жылдың жылы кезінде тасиды.Бұл тауларда қардың еруі көктемде төменгі белдеуден басталып,одан орта,жоғары биіктегі қар мен мұздықтар жаз бойы еріп,күзге дейін созылады. Тау өзендерінің ағынында жаңбыр суының үлесі шамалы (5-15%) ,ал аласа тауларда оның үлесі 20-30%-ға дейін жоғарылайды.
Қазақстанның жазықтағы өзендері суының аз және ағысы баяу болуынан қыс түсісімен тез қатып қалады да,оларды қарашының аяғында тұрақты мұз басады.Мұздың қалыңдығы 70-90 см-ге жетеді. Аязды қыста мұздың қалыңдығы республиканың солтүстігінде-190см,оңтүстігінде өзендерінде 110 см болады.Өзен мұзы 2-4 ай бойы қатып жатады.
Биік тау өзендерініңі мұз режимі басқаша.Олардың таулы бөлігінде ағыстың күшті болуына байланысты және жер асты суымен қоректенетіндіктен,тұрақты мұз жамылғысы қалып таспайды.Тек кей жерлерде ғана жағалық мұздар байлады.
Қазақсанның жазық бөлігіндегі өзендерінің ағысы баяу болады.Қатты материалдарды аз тасымалдайды.Мұндай өзендердің лайлығы 50-100г/м3, ал төменгі ағысында 200г/м3.Борпылдақ жыныстары көп ағызып әкелетін батыс Қазақстанның өзендерінің лайлығы тым жоғары(500-700г/м3) келеді.Тауөзендерінің лайлығы ағыс бойымен төмен қарай артады..Оның мөлшері-Іледе 650г/м3,Шудың төменгі ағысында -900 г/м3,Сырдарияда -1200г/м3
. Тапсырма №1.Мұнда әрбір топқа төмендегі термин сөздерге анықтама беру тапсырылады.\Бұл тапсырманы орындауға 7 минут уақыт беріледі.\ 
жазық өзен тау өзені 
Ө з е н 
бастауы саласы сағасы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   195




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет