Сабақтың тақырыбы География ғылымының салалары



бет79/196
Дата14.09.2023
өлшемі32,62 Mb.
#107081
түріСабақ
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   196
Байланысты:
8 сынып КМЖ новый формат (4)

Шөлейт зонасында-40,
Қызылқұмда-100 күн.
Қазақстан жерінде соңғы 20 жыл ішінде қуаңшылық 4рет болды. Қуаңшылық пен аңызаққа қарсы күресу үшін қар тоқтату, орман алқаптарын отырғызу, жер суару және т.б. арнайы агротехникалық шаралар қолданылады.
Республиканың халық шаруашылығына қолайсыз атмосфералық құбылыстардың бірі- көктайғақ(көк мұз), не аязды ауа райынан кейін сіркіреме жауын жауғанда қалыптасады. Әдетте көктемде және күзде ауа райы салқындап, жер беті 0ºС-қа дейін суынып, мөлдір және көгілдір жұп- жұқа (5мм) мұз қабыршақтарымен жабылады. Мұндай құбылыс мал шаруашылығына, адам баласына зияны үлкен, транспортта апаттар, байланыс және энергия желілерінде үзілістер туғызады. Көктайғақ республиканың оңтүстік және орталық аудандарында жиі байқалады
Топтарға мәтінді бөліп беру.Мәтіндерді өз бетінше оқып, талқылайды, жаңа мағлұматтармен толықтырады.Суреттерге түсініктемелер береді.
1-ші топтың мәтінмен жұмысы
Қазақстанның климаты жалпы құрғақтығымен ерекше көзге түседі. Әсіресе оңтүстікте жаз өте ыстық болады. Құмның беті 60 -70 градусқа дейін қызады. Құрғақ ауаның пайда болуы күшті қызған және тропиктік ауа массасының басым болған кезімен байланысты. Оған ылғалы аз, ыстық құрғақ жел - аңызақ тән . Аңызақ желді күндердің ұзақтығы табиғат зоналарында түрлеше болады. Дала зонасында 5-10 күндей, шөлейт зонасында 40 күн, шөл зонасында яғни Қызылқұмда -100 күн . Қазақстан жерінде қуаншылық соңғы 20 жылда 4 рет болды. Орта Азия мен Иранның үстінде қалыптасқан тропиктік ауа массалары көбіне республикамыздың оңтүстік аймақтарында жоғары температура қалыптастырып, өз кезегінде жерді құрғатып жібереді. Қуаншылықтың ауыл шаруашылығына әкелетін зианы көп, жем-шөп қоры кеміп, екпе дақыл өнімдері азаяды.
2-ші топтың мәтінмен жұмысы
Қазақстанда жылдың жылы мезгілінде байқалатын ерекше атмосфералық құбылыстың бірі-- шаңды дауыл. Олар желдің жылдамдығына және топырақ жамылғысының сипатына тығыз байланысты. Шанды дауыл ауа құрғақ кезде , борпылдақ топырақты алапта соғатын қатты жел. Олар топырақтың ұлпаларын ұшырып, өсімдік тамырларын ашып тастайды, ауыл шаруашылығына көп зиян келтіреді . Қазақстанның дала зонасында орташа есеппен жылына 20-38 күн шаңды дауыл болады. Республиканың оңтүстігінде құмды шөлдерде, Балқаш көлінің оңтүстігіндегі шаңды дауыл 55-60 күн болады . Жылдамдығы 15- 20 м / сек-тан немесе сағатына 72 км / сағ-тан асатын қатты соққан желді дауыл деп атайды.Көлдерде балық аулауға кедергі етеді, жол қатынасын қиындатады.
3-ші топтың мәтінмен жұмысы
Табиғат - адамзаттың тіршілік ететін ортасы, сондықтан оның көптеген сүраныстарын қанағаттандыратын шикізат көзі болып саналады. Қоршаған ортаның табиғат жағдайлары адамның шаруашылық әрекетінің түрін анықтайды. Сонымен қатар қоршаған орта адам денсаулығына да әсерін тигізеді. Ауаның тазалығы , қоршаған ортаның басқа құрам бөліктеріндегі тепе-теңдіктің сақталуы адамның жұмыс қабілетіне, ұзақ өмір сүруіне жағдай жасайды. ТАмаша табиғат ,таза климат адамның күш- қуатының қалпына келіп, тынығуына көмектеседі.Ядролық жаылыстар, ұшырылған зымырандар, заводтардан шыққан қалдықтар атмосфераны ластап климаттың өзгеруне алып келді Ал климаттың өзгеруі адамның денсаулығына кері зардабын тигізуде.
3-ші топтың мәтінмен жұмысы
Сыртқы апаттарға көбінесе адам әрекеті себепші болады. Республикамыздың таулы аудандарында сел,қар көшкіндері құбылыстары байқалады. Біздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс биік аймақтарда 2724 мұздық бар.Осылардың еруінен және қардың қалын түсуіне байланысты күшті сел тасқындары болып тұрады. Апатты сел тасқындары 1921 жылы Алматыда , 1963 жылы Есікте, 1977 жылы Медеуде , 2010 жылы Қызылағаштағы су тасқыны зор материалдық және адам шығынын әкелді. Мұндай құбылыстар мал шаруашылығы мен адам өміріне тигізер әсері бар, транспорттық апаттар , байланыс және энергия желілеріне үзілістер туғызады.
Айналмалы бекеттер әдісі арқылы өздерінің идеясына сүйіне отырып , мәтінді толық менгеруін көздейді .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет