Оқушыларға ой түрткі ретінде жұмбақ шешу ұсынылады.
1. Жерді көрдім қаласы бар
Үйлері жоқ мекендейтін.
Көлді көрдім, өзен көрдім
Сулары жоқ терең дейтін (карта)
2. Доп сынды келбеті,
Онда бар түп-түгел
Әлемнің әлпеті
Бұл не? (глобус)
Оқушылар сабақтың тақырыбымен, мақсатымен, жетістік критерийлерімен, жоспарымен танысады.
Тапсырма: Оқулықтағы мәтінмен танысады, «Түртіп алу» әдісі арқылы терминдерге шолу жасайды, мағынасын түсінеді.
1-қадам: (Ж)
"V"- маған таныс
"+"- мен үшін жаңа
"-" - мен білетін түсінікке сәйкес келмейді
"?"- бұл туралы тереңірек білгім келеді
Аэрофотосурет - ұшақтан немесе басқа ұшатын аппараттан алынған жергілікті жердің суретке түсірілген бейнесі.
|