Сабақтың тақырыбы: Географиялық модельдеу әдістері. Жоспар



Дата04.04.2023
өлшемі20,54 Kb.
#79381
түріСабақ
Байланысты:
b0c4ac7d-61f7-40c8-b477-69a416a8277b (1)


Пәні: География
Сабақтың тақырыбы: Географиялық модельдеу әдістері.
Жоспар:
1.Модельдеу әдісі туралы түсінік
2.Модельдеу әдісінің шығу тарихы
3.Модельдеу әдістемесі
Модельдеу әдісі – ғылыми танымның зерттеу объектілерін олардың модельдерін жасап, зерделеу арқылы танып-білу әдісі. Модельдеу әдісінің пайда болуы техникалық жүйелердің күрделілігіне, материалдық процестер мен құбылыстарды зерттеу қажеттілігіне орай туындайтын ой-түрткілерге, себептерге, тағы басқаға байланысты. Модельдеу кез келген затты мақсатты, жылдам, неғұрлым тиімді тәсілмен зерттеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, модель зерттеліп жатқан объектінің (субъект) баса көңіл қойып отырған қасиеттерін жоғары дәлдікпен бейнелей алады. Ол объектіні құбылыстарға, заттар мен процестерге тән қосалқы белгілерден айырып, ондағы жалпы, негізгі, елеулі заңды белгілерді табуға мүмкіндік береді. Сондықтан модельдеу танымның формасы, әдісі, әрі категориясы болып саналады.
Модельдеу екі түрге бөлінеді.
1) заттық модельдеу зерттеу объектісінің белгілі бір физикалық, геометриялық, динамикалық немесе функционалдық сипаттамаларын нақыштайтын модель жасау арқылы іске асады.
2) Идеалдық модельдеу кезінде модель ретінде сұлбалар, сызбалар, формулалар, табиғи және жасанды тілдердегі сөйлемдер, тағы басқа қолданылады. Мұндай модельдеу түріне математикалық (компьютерлік) модельдеу жатады. Әлдебір құбылысты оның моделі арқылы зерделеу модельдік эксперимент деп аталады. Күрделі жүйелерді зерттеу кезінде көбіне бірін-бірі толықтыратын бірнеше модельдер қолданылуы мүмкін. Кейде бір құбылысты зерттегенде бір-біріне қарама-қайшы келетін модельдер пайдаланып, бұл қайшылық таным дамуының аса жоғары деңгейінде шешімін табуы мүмкін.
Модельдеу танымның басқа да формалары мен әдістерімен (эксперимент, абстрактілеу, гипотеза ұсыну, теория құру, түсініктемелеу, тағы басқа) бірлесе отырып, адам білімінің тереңдей түсінуіне зор ықпал етеді.
Яндекс.Директ
Модельдеу, ол ғылымның жаңадан ашылған жетістігі емес. Модельдеудің тарихы мыңжылдықтармен саналады. Медицина атасы Гиппократ та адамның көзін емдеуде модельдеуді қолданған. Әйтсе де, тек қазір біздің заманымызда модельдеу арнайы пән ретінде, сонымен қатар философиялық ізденістерде де қолданылатын болды. Бұл әдіс электроника мен кибернетиканың дамуына байланысты шынайы төңкеріске әкелуімен түсіндіріледі. Модельдеу ерекше және әмбебап ғылыми таным және кез келген бағытта емес, саналы және жүйелі қолданылатын ұғым ретінде қарастырылады.
Модель таным объектісінің орнын басатын және ол туралы ақпарат көзі болып табылатын материалдық жүйе деп түсіндіріледі. Модельдер зерттеу мақсатына байланысты әр түрлі прициптермен классификацияланады. Солардың ішінен ортақтары ретінде келесілерді көрсетуге болады:

  • таным процесінде қолдану мақсаты бойынша классификациялау принципі;

  • түпнұсқа туралы ақпараттың орындалу әдісі бойынша классификациялау принципі;

  • адамның оларды жасау барысында қатысу дәрежесіне қарай классификациялау принципі.

Осы принциптерге сәйкес модельдер үш үлкен топқа бөлінеді:

  1. эвристикалық және дидактикалық;

  2. таңбалы және заттық-техникалық;

  • табиғи және жасанды.

Тереңірек қарастырса, көрсетілген топтардағы модельдер арасында үлкен айырмашылық жоқ.
Таным үрдісінде модельдер әр түрлі функцияларды орындайды. Олар кейбiр құбылыс немесе теорияның интерпретациясын түсiндiруде құрал ретінде қызмет көрсете алады. Ғылыми зерттеулердегi үлкен мәнi модельдің болжаушы (эвристикалық) функциялары болып табылады. Модель жиi ол жөнiнде теорияны шындыққа тексеру мақсаттарына да қызмет жасайды.
Модельдің алуан түрлi функцияларын жалпылай отырып, оның бас гносеология функцияларын көрсетуге болады: модель — бұл мәлiмет көзi; модель — бұл өнер — бiлiмнiң бекiту құралы.
Ғылыми модель — бұл зерттеу пәнін көрсететін және модельді зерттеуде бұл объект туралы жаңа мәлiметтi алуға мүмкiндiк беретін, оның орнын басуға теңбе-тең бейнелеуге қабiлеттi, ойша көрсетiлген немесе заттық жүзеге асырылған жүйе.
Модельдеу — бұл модельдерді жасау және зерттеу әдiсi. Модельдеудегі басты артықшылық — мәлiмет ұсынысының бүтiндiгi. Модельдеу синтетикалық бағытқа негізделеді: бүтiн жүйелерді мүшелейдi және олардың жұмыс жасауын зерттейдi.
Модельдеу — жемiстi әдiс. Ол негiзiнде үш пайдалы мақсаттарға қызмет көрсетедi.

  • Эвристикалық — жаңа заңдардың табылуы, белгіленуі, жаңа теориялардың құрастырылуы және алған мәлiметтердiң интерпретациясын классификациялау үшiн керек.

  • Есептеуiш – модельдер арқылы есептеуiш мәселелердiң шешiмдерiн шешу.

  • Эксперименталды – эмпирикалық тексеру (верификация) болжамын осы немесе басқа модельдерді операция жасау арқылы мәселенiң шешiмін табу.

Пәнді оқытуда пайдаланылатын, қолданылатын негізгі және қосымша әдебиеттердің
тізімі
1. Каймулдинова К., Абилмажинова С., Саипов А.География. Жалпы білім беретін мектептердің жаратылыстану-матаматикалық бағытындағы 10-сыныптарға арналған оқулық. Алматы: Мектеп, 2019 ж.
2. Каймулдинова К., Абилмажинова С., Абдиманапов Б. География. Жалпы білім беретін мектептердің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 11-сыныптарға арналған оқулық. Алматы: Мектеп, 2020 ж.


1 –тапсырма.Географиялық модельдерге сипаттама беріңіздер.

  • Ауызша

  • Картографиялық

  • Құрылымдық

  • Графикалық

  • Математикалық

  • Табиғи


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет