Мәтінмен жұмыс:
Ауа райын зерттеу үшін арнайы құрал-жабдықтардың көрсеткіштерін тіркеп, болжам жасауға мүмкін. Мысалы, атмосфералық қысым төмендеген жағдайда ауа температурасы жылынады және жел көтеріледі.
1. Ауа- райы жөнінде мәлімет оның компоненттерін зерттеу арқылы пысықталады. Ауа қысымы барометрмен, ауа температурасы термометрмен, желдің жылдамдығы анемометрмен, ал желдің бағыты флюгермен өлшенеді.
Тапсырма: әр құралдардың пайдалану аясын анықтап, өлшем бірлігін атау.
Ауа райын зерттеудің маңызы неде?
2. Мысалы, топырақты зерттегенде –оның сыртқы белгілерінің(түсі, құрылысы, құрамы, құрылымы, жаңа түзінділер мен қосылыстар) жиынтығын сипаттау арқылы ақпарат қорытындылады. Топырақтың морфологиясын зерттеу далалық және зертханалық әдістер бойынша жүргізіледі. Топырақтың морфологиясын білу үшін оның құрылысын (қабаттарын және олардың қалыңдығын), түсін, құрылымын, әр түрлі қосылыстарды, жаңа түзінділерді анықтайды. Сондай-ақ, топырақтың гранулометриялық құрамын топырақ түзуші тау жыныстарының сипатына, ылғалдылығына, органикалық заттарға , судың дәміне (тұщы, ащы, кермек және т.б.) қарай белгілейді.
Тапсырма:
1. Топырақ үлгілерін зерттеп жоспар бойынша сипаттама беріңіздер:
А) түсі, В) құрылымы, С) ылғалдылығы
Оқушылар мәтінді Insert әдісі аясында оқып «!» , «+» «-», «?» белгілер қойып оқып шығады.
Дәптерлеріне осы кестені толтырады .
|