Тақырыпқа шығу. Мұғалім жаңа сабақты оқушыларға бастау үшін бейнеролик көрсетеді. Бейнероликті көріп болған соң бұл арқылы не ойлайтындығы сұралады:
Сіз бейнеролик арқылы не байқадыңыз?
Мультфильм кейіпкері қайда барып келді?
Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтайды. Өз ойларын бөліседі.
Мұғалім оқушыларға сұрақтар қою арқылы, оқу мақсаттарын анықтауға жетелейді
Тау жыныстары бойынша «Жаңғақтар» арқылы топқа бөлінеді ІІІ. Оқушылардың іс-әрекеті. Оқушылар бейнефильмді қарай отырып төмендегі сұрақтарға жауап береді. Бағалау: Оқушылар жұппен парақтарын ауыстырып, бірін бірі, «+»және «-» таңбаларын көрсету арқылы бағалайды. Мұғалім оқушылардың біліміне қолдау жасап, өзектендіріп отырады.
6-7 дұрыс - 3 смайлик, 4-5 дұрыс – 2 смайлик 3 дұрыс – 1 смайлик Жер қақ ортасында ______ядро____орналасқан.
Ядродан кейінгі жер қабаты мантия
Ең терең бұрғыланған шұңқыр 12 км
Жер қыртысының қалыңдығы 5-70 км
Мантияның жоғарғы бөлігінің температурасы 800 градус
Ядро негізі никель және темір рудаларынан құралған.
Ядро 6000 граудсқа дейін ыстық.
Дескриптор:
Жер құрылысымен таныс;
Жер қабаттарын ажырата алады;
Жер қабаттарының ерекшеліктерін біледі.
2- тапсырма:Топтық тапсырма, оқулық мәтінімен жұмыс
1 топ: Литосфера және Жер қыртысы, ядро
2 топ: Жер қыртысын құрайтын заттар
3 топ: Мантия
«Аквариум» әдісімен топтар бір-біріне түсіндіреді, сұрақтар қою мүмкіндігіне ие болады. 3-тапсырма:Суреттерді салыстыра отырып және оқулық мәтінін пайдаланып келесі тірек-сызба арқылы
«Жер қыртысының құрылысын» толтырыңыз.
Бағалау – 1 смайлик
Дескриптор:
жер қыртысының екі түрін ажыратып, жіктеп, тірек сызбаға жазады;
материктік және мұхиттық жер қыртысын ажырата алады.