1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Сабаққа қысқаша шолу жүргізеді.
3.Мұғалім үй тапсырмасын тексереді.
Сабақтың ортасы 60мин
«Жуан және жіңішке сұрақтар» әдісін қолдану арқылы оқушылардың алдыңғы білімін тексеру:
1. Геоэкология ғылымының мақсаты не?
2. Геоэкология ғылымының зерттеу нысандарын атаңдар?
3. Геоэкология ғылымының міндеті неде?
4. Қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығы неде деп ойлайсыңдар?
5. Табиғаттың ластану көздерін атап беріңдер?
6. Экологиялық ластану көздеріне мысал келтіріңдер?
Т:/(Топтық жұмыс) 1-тапсырма «Джигсо-2» әдісі арқылы топтарға шағын мәтін беру арқылы оқылым мен тыңдалым, сыни ойлау дағдысын қалыптастыру
1 топ Жерді құрайтын, құрамы мен тығыздығы әр түрлі, концентрлік (шамамен сфералық) қабаттар. Олар сыртқы және ішкі геосфералар болып бөлінеді. Атмосфера - газ массасынан және ылғалдан тұратын жердің ауа қабаты. Гидросфера — су қабаты, оның жоғ. шекарасы су алаптарының ашық беті арқылы өтеді. Талдау сұрағы: Сыртқы геосфераны қамтитын аралықты атап, сипаттама беріңіз.
2-топ Биосфера — жердің органик. өмір бар жоғарғы жағын құрайды.Ол гидросфераны, атмосфераның озон қабатынан төм. жағын және литосфераның жоғ. бөлігін қамтиды. Ядро — жердің орталық өзегін құрайтын өте тығыз қабат. Ол сыртқы сұйық және ішкі (орталық) субядродан тұрады. Мантия - жер қыртысы мен ядро аралығында орналасқан ең үлкен аралық қабат. Талдау сұрағы: ішкі геосфераға қамтитын аралықты атап, сипаттама беріңіз.
3 топ Геоэкологиятолық жер бетін емес, тек геосферамен қиылысатын, адам мекендейтін жер бетінің жұқа қабығын зерттейді. Барлық геосферада табиғи ресурстардың сарқылуы байқалады, табиғи нысандардың сапасы нашарлап, олар табиғи қасиетінен айырылады, барлық биосфера нысандарында өмір сүру жағдайлары тез нашарлайды.- Бірінші мәтінмен танысып, сыртқы геосфераны қамтитын аралықты атап, сипаттамасын жазады.
- Екінші мәтінмен танысып ішкі геосфераға қамтитын аралықты атап, анықтамасын көрсетеді. - Үшінші мәтінмен танысып, геосфералардың ластануының себеп-салдарын анықтайды.
Сабақтың соңы 15 мин
Сабақты қорытындылау: «ҚҚҚ» әдіс арқылы сабақты қорытындылау. Оқушыларға тапсырманы орындаудағы қызықты, қиын, құнды болған жерлерін жазуды ұсыну.
Қорытынды бағалау.Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:
2:
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:
2:
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?
Үй тапсырмасы:Қазақстандағы өндіріс орындарында қолданылатын тазартқыш құралдардың рөлі тақырыбына баяндама жасау.