Сыныбы: 7 "а"
Ашық сабақтың тақырыбы: "Гидраның құрылысы"
Мақсаты: Білімділік мақсаты: Ішекқуысты жәндіктердің құрлысы,
сан алуандығы, тіршілік жағдайы, ішекқуыстылардың
табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі туралы түсінік беру.
Дамытушылық мақсаты: дүниетанымдарын кеңейту, логикалық және аналитикалық ойлау қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік мақсаты: ішекқуыстылардың пайда – зияны, сақтану шараларын түсіндіру, әсемдікті сезіне білуге, табиғаттағы үйлесімділікті сақтай білуге тәрбиелеу, қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімін ояту.
Міндеттері:
1. Сабақ барысында алған ақпараттарын өзгелермен бөлісуді үйрету.
2. Топта жұмыс жасата отырып, бірін-бірі оқытуға және бірін-бірі бағалауға үйрету.
3. Өзгенің пікірін тыңдауға, сыйластық танытуға, мәдениетті қарым-қатынасқа дағдыландыру.
Күтілетін нәтижелер: Суреттер бойынша жаңа сабақтың тақырыбын айқындай алады, өз ойларын жинақы жеткізе алады, мәтінмен танысу нәтижесінде әрекеттерін іс жүзінде көрсете алады; оқушылар тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін өз дәрежесінде қолдана алады, табиғатты және оның байлықтарын қорғау – баршамыздың міндетіміз екенін ұғынады.
Сабақ түрі:жаңа сабақ
Сабақ әдісі: СТО стратегиялары, сұрақ-жауап, оқулықпен, суретпен және тақтаның көмегімен жұмыс істеу арқылы пәнді игеру, пікір білдіру, тапсырмалар орындау және.т.б.
Пәнаралық байланыс:сурет, экология, әдебиет
Тапсырмалар: топтық, жұптық жұмыс түрлері, постер арқылы «біржасушалылар», "көпжасушалылар" сөзіне толық сипаттама беру, жобаны қорғау;
Дерек көздері, құрал-жабдықтар: оқулық, маркерлер, интербелсенді тақта, бағалау парақтары, слайд материалдары, суреттер салатын парақтар, флипчарттар, стикерлер, әуенді музыка
Сабақтың өту барысы: І. Ұйымдастыру